Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөредегі сусын балаға зиян ба?

Сөредегі сусын балаға зиян ба?


Бүгінде балаларға арналған түрлі тағамдық өнімдер сатылуда. Бірақ олардың барлығын бала денсаулығына пайдалы деп айту қиын. Ата-аналардың көпшілігі сол өнімдердің бүлдіршіндердің денсаулығына кері әсері барын қаперден шығарып алып жатыр. Тіпті кейбір ата-аналар балаларының әлжуаздығын не арықтығын желеу етіп, қалаған затын алып жеуіне, тұтынуына кедергі болмайды. Дегенмен мұндай дайын өнімдер адам денсаулығында мәселелер туындатуы мүмкін. Олай болса осы тақырыпты кеңінен қарастырсақ.
Балаларға «ең пайдалы тағам» деген маркамен сатылатын, бірақ балаға зиян әкелетін өнімнің бірі – шырын. Ата-аналар жеміс сығындысынан жасалған шырындар балалар үшін пайдалы деп санайды. Сондықтан олар апельсин, алма, шабдалы сынды жемістердің бойында бала ағзасына қажетті витаминдер көп деген оймен оны жиі тұтынады. Бірақ дүкен сөрелерінен алынған шырындар шектен тыс консерванттарға толы, сондай-ақ құрамында қанттың мөлшері де көп. Тиісінше мұндай шырындардан баланың бойында қант деңгейі жылдам жоғарылайды. Қанттың ағзада көп болуы гипогликеми́яға ушықтыруы мүмкін. Содан кейін қандағы қант мөлшері жоғарылап, ұйқы безін шаршатып, денені көптеген қоректік заттардан айырады. Тістерге қатысты қиындықтар да туындайды. Мысалы, тіске пломба салу сынды дүниелер жиі қайталанатын мәжбүрлі әрекеттерге айналуы мүмкін. Өте кішкентай бүлдіршіндерге дүкендегі шырынды алып бермеген дұрысырақ. Мәселен, «апельсин шырынын неге алып бермеске, оның құрамында С витамині жеткілікті емес пе? деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Мамандар бұл сауалға былайша жауап береді.
– Дайын апельсин шырынының құрамында С витамині мүлдем болмайды. Себебі барлық шырындар қыздырылып, термиялық өңдеуден өтіп, пастерленеді. Бұл үдерістерден соң сығылған шырынның бойындағы С витаминімен қатар ағзаға қажетті пайдалы заттар жойылып кетеді. Негізінде сөрелерде кездесетін шырындарға жасанды С витамині кейінірек қосылады. Ата-аналар осыны ескеруі керек, ондағы шырындардың барлығы дерлік қант ерітінділері деуге болады. Сондықтан дүкендегі шырынды баланың күнделікті рационынан алып тастаған жөн. Керісінше балаңызға үй жағдайында кептірілген жемістерден қантсыз компот немесе қолдан жемісті сығып шырын жасап әзірлесеңіз, бал қосылған су берсеңіз ұтымдырақ болар еді, – дейді дәрігер мамандар.
Екі балғынын тәрбиелеп отырған Айсана Жангелдіқызы мамандардың пікіріне құлақ асқан жөн деп есептейді. Оның айтуынша, дүкендерден алынған кейбір шырындар баланың ағзасына кері әсер беріп, денесінде аллергия тудырған көрінеді. Сол уақыттан бері ол дайын өнімдерден гөрі, таза, табиғи жемістерді қолданғанды құп көреді.
– Мен балақайларыма дүкеннен мүлдем сусын сатып алмаймын. Себебі балапандарымның денсаулығы мен үшін өте маңызды. Сондықтан үйде жемістерден қантсыз немесе қантын аз мөлшерде қосып компот, лимонад әзірлеп қоямын. Балаларым да сүйсініп ішеді. Өзге ата-аналарға да солай жасауға кеңес беремін, – дейді жас ана.
Иә, табиғи шырынның адам ағазасына берер құнары көп. Бірақ теледидардағы көздің жауын алатын жарнамадан соң, әдемі қаптамадағы сусынды алмай тағы тұра алмайсың. Әрине біз көбіне осындай жалт-жұлт еткен жапсырмасы бар жылтырақ дүниелерге құмартып, маркетингтік айлаға алданып қалып жатырмыз. Бірақ оның артықшылығы тек қаптамасы мен жарнамасында екенін ұмыт қалдырып жатқанымызды бүгіннен ойлануымыз қажет секілді. Ендеше, дұрыс тамақтану – бала денсаулығының кепілі екендігін қаперден шығармайық.
Арайлым ЖҮСІПОВА
20 тамыз 2022 ж. 644 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 41

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 37

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930