Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміт сыйлаған жоба

Үміт сыйлаған жоба

«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Осы арқылы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартып, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, құжат төрт негізгі бағыттан тұрады. Тұтастай алғанда, Ұлттық жобада 11 міндет қарастырылып, соған сәйкес 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалды.
Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдық¬тарды басқару және еліміздегі су нысандарының экожүйелерін сақтау сынды негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
«Үнемді Қазақстан» бағытында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға ден қойылады. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты.
«Табиғат» бағытының мақсаты – биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту.
Төртінші бағыт – «Экология болашағы» халықтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға арналған.
«Жасыл Қазақстан» жобасынан қазалылықтар да қалыс қалмады. Қазіргі таңда Әйтеке би кентінде 3 аймақта жасыл белдеу орналасқан.
Атап айтар болсақ, 2016 жылы Әйтеке би кентіне кіре берісте көлемі – 2,6 гектар жерге егілген жасыл желек саны 2000 түп талды құрап отыр.
Одан бөлек, сол жылы, Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық автожолы бойында көлемі – 7 гектар аумаққа 6000 түп жасыл желек егілді.
Ал, 2019 жылы Әйтеке би кентіне кіре беріс бас қақпа маңы, көлемі – 6 гектар жерге, 1200 жасыл желек отырғызылған.
Сонымен қатар 2022 жылы Әйтеке би кентінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлеміне сәйкес, Жанқожа баба, Жалаңтөс батыр кесенелері, рәміздер алаңы, Жетес би, Әйтеке би ескерткіштерінің маңы, Өндірістік аймаққа, Қ.Пірімов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, Т.Бөріқұлақов және О.Жанәділов сынды көшелерге 6000 түп тал-көшеттер орналастырылды. Шығымдылығы – 20 процентке жуық. Онда егілген тал-көшеттердің көбі – сыр талы, үйеңкі және қара ағаш.
Жоғарыда айтылғандай жоба жалғасы біздің ауданды да айналып өтпеген. Бұған аудан тұрғындары да дән риза екендігін айтады.
– Ауданымызда жыл сайын жасыл желек саны артып, сәні кіріп, ауа тазарып келеді. Оған себеп Әйтеке би кентіне қарасты әкімдіктің Президент тапсырмасы, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын жоғары дәрежеде атқаруы болып отыр.
Үміт сыйлаған жоба әлі де жалғасын табар болса, көп ұзамай экологиялық мәселелерден арыламыз деп ойлаймын, – дейді кент тұрғыны Айдана Асхатова.
06 тамыз 2022 ж. 466 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930