Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоқыс та қордалы мәселе

Қоқыс та қордалы мәселе

Белгілі бір мекеннің тазалығы – сол жердің өркениеті мен мәдениеттілігінің айнасы. Әрине сол қаланың таза тұруы үшін қоғамдық орын, орталық көшелерде тиісті қоқыс жәшігі болуы тиіс. Алайда Қазалы ауданының орталығы саналатын басты – Жанқожа батыр көшесінде өкінішке қарай бірде-бір арнайы жәшіктің жоқтығы көңілге кірбің түсіріп тұр.
Баршамыз естіп те, көріп те жүрміз. Қазалы ауданына қарасты мекемелер қызметкерлері апта сайын сенбілікке шығып, қаланың тек орталығы емес, кіреберісін де қоқыстан тазартады. Алайда кенттің қақ ортасында тұратындар қоқыстарын жерге лақтырып, қап-қап қылып жинап, жарықшамға сүйеп кетіп жатыр. Себебі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын жәшіктер жоқ. Олқылықтың орны толмай тұрғанына бірнеше жыл болған.
Сұрықсыз көріністі көргенде кенттің қақ ортасы деп айту қиын. Жағалай шашылған қоқыстар маңайдың сәнін кетіріп тұр. Оған қоса осы маңда адамдар серуендеп, балалар ойын салады. Жанқожа батыр көшесінің бойынан өткінші жандар тұрмыстық қалдықтарды қайда жіберерін білмей дал. Айтуларынша, бұрындары осы маңда қоқыс жәшігі тұрған. Оны бұзақылар сындырып, тіпті металл қабылдайтын орынға өткізіп жіберген деседі. Алайда оны қайта қалыпқа келтіріп, бұзақылардың бұзып кетпеуін қадағалау тиісті орының жұмысы екенін білеміз.
– Расымен көше бойында бірде-бір «урна» жоқ. Кешкі серуенге шыққан қазалылықтар қолындағы қатты қалдық пен целлофанды аяқсу өтетін арықтарға лақтырмасына амал жоқ. Кейде сол тастаған қоқысы үшін де айыппұл төлеп жатады. Алайда оны тас­тайтын «урна» болмаса, не себепті айыппұл төлеуі керек? Осы мәселені тиісті орын қолға алып, тезірек шешімін тапса екен, – дейді кент тұрғыны Гүлайна Нұралықызы.
«Жиналған қоқысқа шыбын-шіркей құжынап, мазамызды алды» дейді батыр көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үй тұрғындары.
– Бұрынғы әдетінше, тұрғындар қоқыстарын осы жерге алып келіп тастап жатыр. Қаңғыбас иттер жиналады. Шыбын үймелейді. Мен өзім қоқысты шығару қызметінің ақысын төлеймін.
Маңайда қоқыс жәшігі жоқ. Жанымызда дәмханалар, дүкендер бар. Солардың бәрі қалдықтарын осында лақтырады. Көршілерімнің барлығы зейнеткер. Олар қоқыстарын қайда апарады? – дейді батыр атындағы көшенің бойындағы көпқабатты үй тұрғыны Алмат Қайратұлы.
Қоқыс мәселесі – ғасыр қасіреті. Жер-Анаға зиянын тигізіп жүрген тіршілік иесі болса, оның бірден-бірі адам баласы. Өзіміз тұрып жатқан орынды қоймай, табиғат, мұхит-теңіздерді де ластап, сонда мекен еткен тірі жанға да кеселімізді тигізіп жатырмыз.
Қазіргі таңда өркениет жолына бет алған әлем елдері қоқысқа қарсы күрестің түрлі амалдарын қарастырып жатыр. Бірқатар еуропалық елдер полиэтиленді құтыларды шығарудан бас тартса, енді бірі қоқысты түрлі заманауи жолдармен өңдеуге бет бұрды. Әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл мәселені оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті. Соның нәтижесінде, ондағы шыны зауыттарының 90 проценті, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Сондықтан Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттердің қатарында. Жоғарыда аталған қос мемлекетпен қатарлас тұру үшін, бізге де қоқыс мәселесін шешу жолында шетел тәжірибесін пайдалану қажет.

Серік АҚМЫРЗА

02 тамыз 2022 ж. 677 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 28

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 24

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930