Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік апаты жиілеп тұр

Көлік апаты жиілеп тұр

Жуырда үлкен жолдағы көлік жылдамдығына қойылған шектеулер алынып тасталды. Соның салдарынан соңғы уақытта «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында көлік оқиғалары жиілеп кетті. Ондай жағдайлар аудан орталықтарында да орын алып жүргеніне баршамыз куәміз. Өткен жылы Ресей, Армения, жалпы шетел көліктерін басқарған азаматтардың бассыздығы жайлы редакция ұжымы мәселе көтеріп, басылым бетіне жариялаған еді. Бүгінде мәселе әлі шешілер емес. Мұндай олқылықтардың және тек көлік тізгіндеген жандардың ғана емес, жаяу жүргіншінің де басына төнген қауіпті сейілтіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру сәті шарықтау шегіне жеткен сияқты. Осы орайда, бұл олқылықты қолға ала отырып, белгілі тұрғындар мен қала аралық такси жүргізушісі пікірін бір арнаға тоғыстырып, әрқайсысының ойын білген едік.

Айбек Құлыбайұлы, қала аралық такси жүргізушісі:
– Бүгінде қала аралық такси Арал, Қазалы, Байқоңыр мен Жосалы аудан тұрғындарының жоғары сұранысына ие. Ондағы жұрттық мақсаты әртүрлі болғанымен, діттеген жері бір. Яғни, Қызылорда облысы.
Тұрғындардың қала аралық таксиді таңдаудағы себебі, поезд пен ­автобустар белгілі бір регламентпен жүрсе, таксиде уақыт регламенті жоқ десе де ­болады. Жол ақысы әр адамға 3000-3500 мың теңгеден. Тағы бір айта кететіні қазіргі таңда үлкен тас жолындағы жылдамдықта шектеу жоқ. Сол себептен екі аралыққа 2:30 немесе 3 сағатта жүріп өтеміз. Салыстырмалы түрде алар болсақ, қандай транспорт болмасын, қала аралық таксидей ыңғайлылық жасай алмасы анық.
Әлеуметтік желілерде күніге қала аралық таксилер жайында бірнеше сыни постылар да шығып жатады. Ондағы жылдамдықты асыру, шектен тыс тәуекелшіліктің барлығымен келісемін. Оған бірінші себеп, жоғарыда айтқандай тас жолында жылдамдыққа шектеу жоқ. Ал екіншісі, ол әрине тәулігіне бірнеше рет қатынау.
Алайда, желіде сынап, қаралап жатқан жандардың барлығы дерлік осы транспорт түрімен қатынап жүр.

Жеңіс ИМАМАДИН, көлік жүргізушісі:
– Жаз маусымы келсе «Қамбаш», «Қашқанкөл» көлдеріндегі демалыс кешендеріне қатынайтындар саны артады. Сондай сәттерде Қазалы мен Арал аудандары екі ортасында жол көлік оқиғалары жиілеп кетеді. Себебі өздеріңіз білетіндей ондағы жылдамдыққа шектеудің болмауы болып тұр. Жалпы, кез келген көлік тізгіндеген жанның құмары жылдамдықты жоғарылату. Оны өзіңіз рөлге отырмайынша сезіне алмайсыз. Алайда оған құмартпау қажет. Соның да салдарынан қилы оқиғалар орын алып жатады. Тіпті кейде көлікте өзге жандардың бар екенін, яғни өзгенің деніне зиянымызды келтіруіміз мүмкін екенін естен шығарып жатамыз.
Ал аудан ішіндегі жол қозғалысына келер болсақ, онда тіпті қым-қуыт. Шынымды айтсам, көлік басқаруда көптеген жылдар бойғы тәжірибем болса да, орталық көшелермен жүруге жүрексінемін. Себебі қазір шетелдік көліктер көп және оны айдап жүргендердің жартысынан көбі жастар. Олардың ойынша барлығын сатып алуға болады деген түсінікк пен біреудің өміріне қауіп төндіріп жатады. Осы орайда қырағы күзеттер жұмыс жасап жатқанын да жоққа шығара алмаймыз. Бәрі өзімізден.

Баян МАТЫҒҰЛОВА, ата-ана:
– Мен Әйтеке би кенті орталығы, яғни базар маңындағы Құлтасбеков көшесінде тұрамын. Төрт баланың анасымын. Оның 3-уі мектеп окушылары. Алда келесі оқу маусымы да келе жатыр. Шынымды айтсам, балғындарымның қос аралықта қатынауына қатты алаңдаулымын. Себебі, балаларды мектепке апарар жол өте қауіпті.
Өзім де, жұбайым да жұмыстамыз. Алайда, оған қарамастан балаларды білім ошағына өзіміз алып баруға уақыт табамыз. Сондай бір сәтте оқыс оқиғаны бастан кешірген күндер де болған. Ол Әйтеке би көшесі мен Төле би көшесі қиылысындағы бағдаршам тұсында орын алған еді. Үлкен қызымды мектептен алып қайтпақшы болдым. Сөйтіп, бағдаршамға жақындадық. Жаяу өткіншіге қызыл түс жанып тұр екен. Жасыл түс жанғанын ақырын күтіп, сәті келіп, өте бергенімізде, бағдаршамның қызыл жанған бұрышынан жұлқынған бір көлік зытқып шыға келді. Мен алдыма шығып кеткен қызымның сөмкесінен жай ғана тартып үлгердім. Енді болмағанда қайғыға душар болар едік. Шошынып қалған қызымды тыныштандырып, сабырға шақырып жатқанымда әлгі көліктегі азамат, терезесін түсіріп, түрлі балағат сөздерді айтып, кетіп қалмасы бар ма?!
Осы ретте айта кететіні, Қазалы ауданында көлік жүргізушілерінің кейбірі қараңғы, әрі жол көлік тәртібін сақтамайды. Тіпті қарапайым жаяу жүргіншіге арналған белгіні де елемейтіндері көп-ақ.
Жалпы, мұндай сұмдық оқиғалардың алдын-алу қажет. Жоғарыда аталған басты көшелерге мүмкіндік болса, автокөлікке арналған кедергі полициясын орнату қажет деп білемін. Әлде мұның барлығы белгілі бір жағдай орын алмайынша қолға алынбайды ма?
Қандай мемлекет болмасын, ең басты құндылық сондағы өмір сүріп жатқан қоғам, яғни тұрғындар. Осы пікірімді елеп, тиісті орын мамандары еш арыз-шағымсыз, ешбір кабинет қағусыз қолға алып, іске асырса екен деймін.
Серік АҚМЫРЗА

23 шілде 2022 ж. 712 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031