Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Премьер-министр Елена Рыбакинаға "Достық" орденін табыстады

Премьер-министр Елена Рыбакинаға "Достық" орденін табыстады

Биыл қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіруді жоспарлап отыр
 Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен кездесті.
Оған президенттің жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Барлық қазақстандық сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін", – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Ал Елена Рыбакина жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезініп жүретінін айтты.
"Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын ұдайы сезінемін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім ", – деді спортшы.
Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.
"Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына мен көмектесуім керек", – деді Елена Рыбакина.
Спортшы алдағы жоспарларын бөлісті. Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастайды.
12 шілде 2022 ж. 555 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 134

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930