Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОО грантына түскендердің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

ЖОО грантына түскендердің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

13-20 шілде аралығында абитуриенттер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыра алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2023 жылға 88 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінген.
«Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда грант саны 16 мыңға көп. Ереже бойынша грантқа іліккендердің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Жыл сайын оқушыларға ЖОО-ның білім грантына және ақылы негізде оқуға мүмкіндік артып келеді. Мысалы, былтыр грант саны 54 мың болды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың грантына ие болу мүмкіндігі де қарастырылғанын айта кетейін. Бұл жерде мамандықтардың сұранысына қатысты грант бөлінеді», - деді Г. Жарасова.

Департамент директорының айтуынша, педагогикалық мамандықтарға шекті балл өссе де (75 балл), одан тапсырушылар саны кеміген жоқ. Былтыр бұл мамандық бойынша 1 грант орнына 5 талапкерден өтініш түскен.
07 шілде 2022 ж. 833 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930