Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қара қайық

Қара қайық

Кел шабытым кім бізге тағар айып,
Екеуміз ой-орманын аралайық.
Шабытымды самғатты қамшы боп,
Тас тұғырға қойылған «Қара қайық».


Қара қайық!
Талай жүздің Ақкөлдің айдынында,
Кімдер сені әкеліп қойды мұнда.
Көз алдымда мүсін боп тұрған бейнең,
Тебірентіп, салды мені қайғы мұңға.

Көк айдында сағым боп көріндің бе?
Шәмші ағаның әні боп төгілдің бе?
Ескегіңді есетін Үсенхан жоқ,
Күн астында қақырап сөгілдің бе?

Қара қайық!
Кім көнбес қасіретке салса басқа,
Сұм ажал, қарамайды, кәрі жасқа.
Қара қайық сол егең қасыңда тұр,
Мен емес, аты оның жазулы қара таста.

Жанарымды толтырып мөлдір жасқа,
Қараймында күрсінем қара тасқа.
Екеуіңді бір жерге тоғыстырып,
Сенде келіп қойылдың тұғыр тасқа.

Жүздіңдерме екеуің толқын қуып?
Кейде сүңгіп толқынға бойды жуып.
Көл жағада егесіз қалғаныңа,
Болып қапты бес-алты жылға жуық.

Тарқасын деп жыр жаздым көңіл шері,
Тыңдасын деп толғауды туған жері.
«Ағамыздың көзі» деп бауырлары,
Әкеліп тұғыр тасқа қойды сені.

Жүрегімде қайғының сызы қалды,
Үсенханның жайдарлы жүзі қалды.
Сенің жүзген айдынды Ақкөліңде,
Қос бауырымның өшпестей ізі қалды.
Су бетінде сеніңде ізің қалды,
Беу, қара қайық!
Кенжебай МАҚСАТБАЕВ
05 шілде 2022 ж. 699 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031