Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын саяси реформалардың 10 бағыты белгіленді. Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – еліміздің саяси жүйесін түбегейлі өзгерту. Осы бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының отырысында Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін референдум өткізуді ұсынған болатын.
2022 жылдың 5 мамыр күні Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, депутаттар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырулармен келісті.
Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққақол қойып, референдум 5 маусымға белгіленді. Сондай-ақ, "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралызаңғада қол қойды.
Мемлекет басшысы «Ата Заң баптарының үштен бірі өзгеріп, Конституциямыз жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс. Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген», - деп атап өтті.
Президент құқық қорғау саласы бойынша өзгерістер енгізіліп, Конституциялық сот құрылып, елімізде өлім жазасы жойылатынын, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша өткізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың белсене араласуына жол ашатынын жеткізді.
Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған түзетулерді пысықтау үшін белгілі құқықтанушы ғалымдардан, Адам құқықтары жөніндегі уәкілден, Парламент пен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын Президент өкімімен Жұмыс тобы құрылды.
Ата Заңдағы барлығы 98 баптың, 33-іне өзгерістер енгізгелі отыр. Яғни үштен бірі. Мәселе, тек сан жағынан емес, мазмұны жағынан да терең өзгерістер бар. Себебі бір сөзбен айтар болсақ, билік тармақтары арасындағы тең қарым-қатынас орнату көзделген.Бұл жолғы Қазақстандағы референдумның ерекшелігі Президент өзінің өкілеттігін кеңейту үшін емес, керісінше биліктің басқа институттарымен оны қайта бөлісуге бастамашылық жасауында.
Соңғы рет референдум механизмі 1995 жылы қазіргі Конституцияны қабылдаған кезде қолданылған. Конституцияға енгізілген алдыңғы төрт түзетудің бәрі Парламентте дауысқа салу арқылы өткен. Бұл жолғы конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы өткізіліп, яғни, жалпыұлттық сипатқа ие болады деп күтілуде.
Осы қадамдардың барлығы 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған президенттік реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр.
«AMANAT» партиясының мүшесі, Қазалы аудандық мәслихат хатшысы ретінде мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймын және барша қазақстандықтарды еліміз, болашағымыз үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға, халық үніне құлақ асуға негізделген халықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.
Бұл ретте «AMANAT» партиясының барлық мүшелері Президент бастамасын толық қолдайды деген сенімдемін!

Жарылқап Бахытжан Дүзелбайұлы,
Қазалы аудандық мәслихат хатшысы
03 маусым 2022 ж. 369 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031