Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр халқы референдумда ауызбіршілік көрсетті

Сыр халқы референдумда ауызбіршілік көрсетті

Ел үшін маңызды күн референдумда Сыр халқы ауызбіршілік көрсетті. Мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарының референдумға ерекше ықылас білдіріп, өзгерістер жолына қадам жасауда белсенділік танытқанын атап өтті.

«Наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында оң өзгерістер жасауға 10 бағыт айқындап берген болатын. Сыр жұртшылығы бұл өзгерістерді әділдіктің нышаны ретінде қабылдап, бірауыздан қолдады. Мұның бәрі мызғымас бірлігіміздің, тату-тәтті тірлігіміздің, қазақы болмысымыз бен жарқын болашаққа деген халықтың зор сенімінің арқасы деп білемін. Бұл ретте дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырған мемлекеттік орган, сайлау комиссиясы, қоғамдық ұйым қызметкерлеріне, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдеріне, құқық қорғау органдарына, сондай-ақ, алдын-ала түсіндірме жұмыстарына белсенді атсалысқан тұлғалар мен ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен БАҚ өкілдеріне ризашылығымды білдіремін», – деді облыс әкімі.

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев әріптестеріне референдумға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, аумақтық референдум комиссияларынан келіп түскен мәліметке сәйкес, өңірде дауыс беруге 369909 адам қатысты. Бұл тізімге енгізілген дауыс берушілердін жалпы санының 79,89% құрады.
07 маусым 2022 ж. 344 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031