Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан газ бағасын неге көтергелі отыр?

Қазақстан газ бағасын неге көтергелі отыр?

Қазақстан 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығына кірмек. Соған дейін табиғи газ бағасын көтеруді көздеп отыр. Оған не себеп?
QazaqGaz компаниясының басшысы Санжар Жаркешовтің айтуына қарағанда, осы одақтағы елдер ішінде Қазақстанда газ бағасы төмен. Мысалы, газға Ресей халқы бізден екі есе, Қырғызстан халқы төрт есе жоғары төлейді.

"Ортақ нарыққа кірген елдер бір-бірінен газ сатып ала алады. Демек біздің қазіргі төмен баға сақталса, газымыз көрші елдерге кетіп қалуы мүмкін", – дегенді алға тартады ол.

Ол бағаны көтеру арқылы "мемлекет мүддесін қорғаймыз" дегенді айтады.

Журналистердің "Ендеше Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығына кірмеуімізге болмай ма" деген сұрағына

"Еуразиялық экономикалық одақтың бір келісімшартына кіремін, екіншісіне кірмеймін деген саяси сұрақ қой. Мен саясатқа араласпаймын", – деп басын алып қашты Жаркешов.
06 маусым 2022 ж. 491 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031