Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдумда енгізілетін түзетулер келесі жылы күшіне енеді

Референдумда енгізілетін түзетулер келесі жылы күшіне енеді

Конституциялық кеңес мүшесінің айтуынша, референдум Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді. Референдумға шығарылатын Конституцияға түзетулер келесі жылдың басынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Конституциялық Кеңес мүшесі Рахмет Мұқашев бұл уақытқа дейін мемлекеттік құрылымдар қызметінің барлық қыр-сыры реттелетінін айтты. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы енгізетін өзгерістер мен толықтырулар мәні мен мазмұны жағынан елеулі, іргелі негіз болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, референдум Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді.

«Айта кету керек, Президент біздің елде ешқашан болмаған және әлемде сирек кездесетін өзгеріс енгізді. Мемлекет басшысының жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметші бола алмайды және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарды атқара алмайды. Менің ойымша, бұл өте күшті ұстаным және мемлекет басшысына деген құрмет», – деді ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Рахмет Мұқашев.
11 мамыр 2022 ж. 668 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 151

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930