Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлыншақ қиялы кеңейсін

Құлыншақ қиялы кеңейсін

Балалар экранда берілетін қызылды-жасылды суреттерден, олардың әртүрлі іс-қимылдарынан, сюжеттерінен сонымен бірге сөйлеген сөздеріне қарап тәлім алатындығы белгілі. Сондықтан да түрленген желісі бойынша түсірілген мультфильмдер оларды қызықтырып, өздеріне баурап алады. Балақайлар сүйікті кейіпкерлерінің жағымсыз немесе жағымды бейнелерін қайталауға тырысады. Сол себепті де қазіргі мульфильмдердің бала өрісіне ықпалы мол.
Шет елдерде ата-аналардың басым бөлігі бала тәрбиесінде отандық мульфильмдерге ерекше мән береді. Мұндай туындылар арқылы кішкентайлар, өз елдерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық белгілерін бала күнінен бойларына сіңіреді. Сонымен бірге білім саласында да жан-жақты дамытып, тіл үйретеді. Отандық мультфильмдерді ғана көрсету арқылы өскелең ұрпақтың бойына отанға деген сүйіспеншілік сезімін жандырып, ұлттық идеологиясын ұқтырады.
Бүгінде қазақстандық балалардың көпшілігі шетелдік мультфильмдерді тамашалайды. Себебі теледидардағы отандық каналдарда, ғаламтор желісінде барлығы шетелдік мульттоптамалар. Тіптен елдегі сауда дүкендерінде шетелдік мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінен ойыншықтар да жасап шығарған. Осыдан келіп ондағы кейіпкерлер жақсы жарнама арқасында өз елдерінен де тыс бүкіл әлемге танылуда. Бұл әрекетпен кейінгі буын санасына өзге елдің идеологиясын сіңіруге атсалысудамыз.
Кейбір ақылға қонымсыз туындылар сұранысқа ие брендке айналып отыр. Атап айтсақ, «Аватар», «Супермен», «Маша және аю», «Том мен Джерри», «Тасбақа-ниндзялар», «Қап, бәлем!», «Шрек» сынды мультфильмдер сәбилердің көңілін жаулауда. Неліктен, бейкүнә туынды зиян емес деп ойлайсыз?
Мәселен, «Маша және аю» мульфильмін сәбилер ерекше қызығып тамашалайды. Мульттоптама 2011 жылдан бері Қазақстанда өте танымал. Басында қызықты әрі көңілді көрінгенімен, кері әсер беретін де тұстары бар. Желі бойынша кішкене ғана қыздың мінезін ұшқалақ, бірбеткей етіп көрсетеді. Бұл мультфильмді қызыға көретін бөбектер де уақыт өте қырсық әрі бірбеткей болады.
«Қап, бәлем!», «Том мен Джерри» атты мультфильмдерде қасқыр мен қоян, мысық пен тышқан бірде дос, енді бірде қас болып жүреді. Бұл балалардың ой-түйсігін теріс бағыттап, екіжүзділікке жол берері сөзсіз.
Фантастикалық мультфильм эпизодтарының көп бөлігі төбелес пен соғыстан құралған. Осындай дүниені көріп өскен баланың бойында жаны ашымау, бұзақылық пен агрессиялық қасиеттер көрініс табары хақ. Өйткені кейінгі кездері балалардың жүйкесі сыр беріп, күйзелгіш әрі ашушақ болуда. Баланың барлығы мультфильм көргенді ұнатады. Дегенмен оған ұнайтынның бәрі пайдалы емес. Кейінгі уақыттары осының әсерінен бүгінгі жас буынның атыс-шабысқа, төбелеске деген құмарлықтары артуда. Ата-ана олардың нендей шығармашылыққа қызығып жүргендерін бақылауда ұстамаса, ақыл-есі енді қалыптасып келе жатқан сәби сүйікті кейіпкерлеріне еліктеп биік жерден секіруі ғажап емес.
Бұл күнде балалардың назарын өзің қалаған нақты бір сюжетке аудару қиын. Ал мультфильмдерде ұлттық, тәрбиелік мән-мағына аз. Сондықтан тәрбиелік маңызы зор, ұлттық құндылықтарды, тарихты насихаттайтын және жас өскіннің сана-сезіміне серпін беретін сапалы туындылар жасалуы қажет-ақ.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
31 мамыр 2022 ж. 444 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031