Жалынды жас – ауыл келешегі
Кез келген мықты спортшының бойында білектіліктен бөлек, жүректілік, ақыл ой мен айла-тәсіл болуы керек. Бұдан бұрын салауатты өмір салтын ұстанып, айтулы додада туып өскен жердің, әупірімдеген елдің абыройын асқақтатуды мақсат етсе ұтылмайтыны анық. Шығыс жастарының жалынды жетекшісіне айналған Ғани Мұратбаев ауылында осы ойдың жетегінде жүрген спортшы жастар жетерлік. Мақсаты айқын, болашақта жақсы нәтижеден үмітті жалындар жайында жазбасақ жастарға деген жанашырлығымызға сын болары сөзсіз.
Ғани ауылының спортшылары арасында абырой мен марапатқа ие азаматтардың бірі – Ғалымбек Бекболатұлы 27 жаста. Осындағы Ғани Мұратбаев атындағы №91 орта мектебінің түлегі.
2013 жылы Қызылорда облысында М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алған. Жоғарғы білімін де осы оқу ордасынан тәмамдаған.
2016 жылы 16 қыркүйектен бастап №18 Қазалы ауданының Балалар жасөспірімдер спорт мекемесінде грек-рим күресінен балаларға тәлім беріп, жаттықтырушы қызметін атқарып келеді.
Бүгінде әкесіне қолқанат, ұлына асқар тау атанып үлгерген Ғалымбек спорт мектебіне жұмысқа тұрғаннан бастап, туған жерге жанашырлығы ретінде Ғани Мұратбаев атындағы мектептің спорт залында жас палуандарды шынықтырып келеді.
Қазіргі таңда бапкерлігіндегі 6 оқушы спорт шеберіне кандидат, 3 тәлімгері Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алуда. Жас жалындарға жекелей тоқталып өтелік.
Ғалымбектің талантты шәкіртінің бірі Қайрат Шыңғыс әлгінде айтып өткен оқу орнында білім алып жатыр. Бұған дейін ол Қостанай, Шымкент, Қызылорда, Жезқазған, Шалқар, Алматы қалаларындағы додадан жүлдесіз қайтқан емес. Әсіресе облыс орталығында бірнеше рет, Жезқазған мен Шалқардағы республикалық турнирлердің чемпионы атанып келгенін баса айтқан жөн.
Қайраттың әріптесі Алпамыс Көбейсін де облыста бірге жаттығады.
2018 жылы Сәтбаев қаласы ҚР Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай облыстық ашық турнирде, 2019 жылы Әйтеке би кенті КСРО спорт шебері Жеткерген Бекболсыновты еске алуға арналған облыстық сайыста қарсылас таппай, алдына келгеннің арқасын боз кілемге тигізген. Бұдан басқа облыс, республикалық деңгейдегі сайыста да мықтыларға тегеурінді қарсылас саналады.
Келесі балуан Дінислам Көптілеу жарыстағы жетістікке толы мезетін қатарластарына қарағанда сәл ертерек бастаған.
2018 жылы Сәтбаев қаласында ҚР Тәуелсіздігіне арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде, 2019 жылы Әйтеке би кенті КСРО спорт шебері Жеткерген Бекболсыновты еске алуға арналған облыстық додада, 2017 жылы Сәтбаев қаласы ҚР Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай облыстық ашық сайыста арқасы жер иіскемеді. Жігері жасымас жас өрен Жезқазған қаласында өткен республикалық турнирдің үздік үштігіне кіргенін айтпай кетуге болмас.
Аталған жігіттердің үзеңгілестері Әлішер Нұрылла, Әсет Мырзахан мен Ержан Әбілқасым бүгінде спорт шеберлігіне кандидат. Біреу білсе, біреу білмес, жасөспірім сәтте мұндай атаққа ие болу кез келгеннің басына бұйыратын бақ емес. Жетістіктерінің ірілеріне тоқталсақ, Әлішер 2017 жылы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өткізілген облыстық турнирде жеңімпаз атанса, Әсет республикалық сайыстан үшінші, Қазалы біріншілігінің бірнеше рет чемпионы болған. Ал Ержан республикалық турнирдің күміс жүлдегері атанып, өткен жылы облыс біріншілігінде бірінші орынды қанжығаға басты.
«Болар бала он бесінде «баспын» дейді» деген тәмсілге тартып тұрған жалындардың бүгінгі биігін көріп, ертең ел намысын асқақтататынына мында отырған біздің көңіл шүбәсіз сенеді. Ауылдастары, ата-аналары мен жаттықтырушысы жас күресшілердің келешегі туралы күмәнданып та көрмеген болар. Ендеше әлемдік аренада көк туды желбіретер жеткіншектердің жігері мұқалмай, Қажымұқан баба әруағы жар болсын деген тілегімізді қоса кетейік.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ