Диетолог адамды тез қартайтатын танымал өнімді атады
Самара диетология және диетотерапия ұлттық зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Михиал Гинзбург краб таяқшалары организмнің қартаюын тездетеді деп санайды. Sputnik радиосына берген сұхбатында ол осы өнімнің теріс әсерін қалай азайтуға болатынын түсіндірді.
Айтуынша, краб таяқшалары терең қайта өңделген өнімдер қатарына кіреді. Сондықтан оның құрамында бояғыштар, дәм күшейткіштер мен басқа да тағам қоспалары бар.
Ғылыми зерттеулер бұл химиялық заттардың түрлі ауруға әкеп соғып, организмді қартайтынын көрсетті.
"Шұжық, сосиска, краб таяқшалары терең өңделген өнімдер тобына жатады. Көптеген зерттеу барысында мұндай өнімдер біздің организмді қартайтып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің даму ықтималдығын арттыратыны анықталды", - деді Гинзбург.
Диетолог терең қайта өңделген өнімдерді күн сайын жеуге болмайтынын айтты. Егер краб таяқшаларын күнделікті тұтынбаса, онда оның салдары да болмайды.
"Мұндай тағамды араға үзіліс салып жеу керек. Организм сол кезде бұған дейінгі порциядан тазарып үлгереді. Краб таяқшаларын аптасына бір-екі реттен артық жемеген дұрыс", - деп нақтылады Гинзбург.