Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айгүл Жанарыстанқызы: Жаңа дүниелерді қолдануға ниеттіміз

Айгүл Жанарыстанқызы: Жаңа дүниелерді қолдануға ниеттіміз

Тарихқа көз жүгіртсек, бір ғасырдан аса уақыт бұрын Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылған еді. Сол заманда фельдшер және акушер ғана қаншама адамға дәрігерлік кеңесін берген. Бұл күні мекеме атауы бірнеше мәрте өзгертуден өтіп, білікті мамандардың арқасында қазалылықтарға жоғары деңгейде қызмет етуде. Осы ретте Қазалы теміржол жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас дәрігері Айгүл Құлмағамбетовамен әңгімелесудің сәті түсті.
– Бүгінде теміржол ауруханасы қанша адамға қызмет көрсетеді?
– Қазір аурухана 150-ден аса төсекке есептелген. 1996 жылы жаңа типті ғимарат берілді. Мұнда терапия, хирургия, неврология, гинекология, балалар және нейроинсульт бөлімі мен паллиативтік көмек кабинеті енген. Сонымен бірге ерте оңалту, жансақтау бөлімі мен күндізгі стационар сынды басқа да бөлімдер бар. Сонымен қатар қосымша лаборатория, рентген кабинет, физиотерапевтический кабинет, ЭКГ, УЗИ диагностика, ФГДС кабинеті УЗДГ, ИФА зертханасы орналасқан. Бұдан бөлек өзінің наубайханасы, кір жуатын бөлімі, гараж, асхана жұмыс істейді.
Аурухана толық жұмсақ, қатты заттармен жабдықталған. Осыдан 18 жыл бұрын сервистік қызмет көрсететін әр бөлімшеде палаталар ашылған. Келген науқастарға оңтайлы ем алуына жан-жақты жағдай жасау мақсатында ішіне телевизор, мұздатқыш, санитарлық бөлмелер, «Аристон» арқылы берілетін жылы су, төсек, шайлық сервиз, паластар төселген болатын.
Қазіргі таңда ауруханада 434 адам қызмет жасайды, оның 326 адамы әйел: дәрігер – 65, оның ішінде жоғары санатты – 4, І-санатты – 24, ІІ-санатты – 19, мейіркештер – 199 жоғарғы санатты – 3, І-санатты – 88, ІІ-санатты – 45, тазалықшы – 79, шаруашылық бөлімі – 80, әкімшілік бөлімі – 11 адам бар.
Қазіргі «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы Қазалы теміржол ауруханасын, яғни 1994 жылдан бастап осы уақытқа дейін аурухананы басқарып отырған бас дәрігер қазіргі қызмет атауы директор Қ.Ршымбетов 48 жыл халық денсаулығын сақтауда үздік қызмет атқарған және 27 жыл бас дәрігерлік қызметте іскер басшы, ұйымдастыру жұмысының үздігі болған.
– Қазір аурухана базасында қандай құрылғылар бар? Дәрігерлер қызметі қалай атқарылуда?
– Біз әрдайым ұжым болып, халықтың хал-жағдайын түзеуге ұмтыламыз. Жаңа дүниелерді медицинада қолдануға ниеттіміз. Сондықтан да қызметкерлердің біліктілігін арттырып, заман көшінен қалыспауға талпынамыз. Осыған орай ауруханада – жаңа типті медициналық аппараттар баршылық. Мерзімді пациенттердің денсаулығын қадағалау мақсатында рентген, УЗИ, ФГДС, эндовидеолапороскопиялық құрылғылар жұмыс істеп тұр.
«Лазер», «Галомед» және гистероскопия жасайтын, физиотерапиялық бөліміне жаңа аппараттар алынды. Ингаляция жасайтын, тоқпен емдейтін түрлі жабдықтармен жабдықталған. Емдік дене шынықтыру жаттығуларына арналған аппарат орналасқан. Бұл құрылғылар инсульт алған науқастардың жүргізілген кешенді емнен соң тірек-қимыл қозғалысын жақсарту мақсатында көмегі мол. Аурухананың ішінде столярный және токарный станоктар іске қосылған. Онда ауруханаға қажетті жабдықтар жаңадан жасалып, жөндеуді қажет ететін қатты заттар: үстел, есік, орындықтар және тағы басқа да дүниелер өткізіледі.
Қазалы теміржол емханасының негізгі міндеті – теміржолшылар мен олардың отбасына, зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету. Жалпы медициналық көмек көрсету мен профилактикалық жұмысты Сексеуіл-Жосалы аралығындағы елді мекендер (разъезд) қамтылады.
Бүгінгі таңда халық саны – 21600, оның ішінде жұмыс жасайтындар – 4350, олардың отбасы – 17500, зейнеткерлер – 2520 адамды құрап тұр.
Емхана бөлімі – қуаттылығы 400 адамға арналған, 15 төсектік күндізгі аурухана жұмыс жасауда. Барлық мамандар хирург, терапевт, гинеколог, ЛОР, рентгенолог, онколог, окулист, кардиолог, пульмонолог, эндокринолог, невропатолог бар. Лаборатория, физиотерапиялық кабинет, ЭКГ, ФГДС, УЗИ, ЭЭГ, маммографиялық, рентген, стоматология кабинеттері жұмыс істейді. Жанұялық линиялық амбулатория қызмет етеді. Бір аға дәрігерімен, 3 терапиялық, 5 балалар аймағы бар 7 өндірістік дәрігерлер тұрғындарға көмек береді. Емхананың әр кабинетінде денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы алынған.
Елді мекендерге алғашқы медициналық көмекті жақсарту және жақындату бағытында бір линиялық дәрігерлік амбулатория, 7 медициналық пунктте фельдшерлер жұмыс жасайды.
– Бәрекелді! Сырт көз сыншы дегендей, ауруханадағы жаңалықтарыңызға тақымымызды қысып, қуанып отырамыз. Бұдан бөлек қандай жақсы істеріңізді айта аласыз?
– Жыл сайын ауруханамыз көркейіп, жаңа жабдық­тармен медициналық аппараттармен жабдықталады. Соның алғашқысы – Италиядан шыққан «MELODV» маркалы маммограф аппараты. Бұл туу жасындағы және 35 – 49 жас аралығындағы әйелдердің сүт безі ауруларын тексереді. Мастопатияны қатерлі ісіктерді жаңа басталып келе жатқан кезінде анықтай алады.
Австриядан шыққан ИФА аппараты да ерекше жетілдірілген. Бұл жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап шарананың түрлі жұқпалы аурулар мен кемістіктерін анықтайды. Сонымен бірге әйелдер мен еркектердің жыныстық гармондарын, жұқпалы ауруларын, гепатит аурулары түрлерін зерттейді.
Америка Құрама Штаттарынан жеткізілген «NICOLET COMPANION» маркалы ультрадыбыс­ты доп­лерограф аппаратының атқаратын қызметі зор. Осы арқылы бас, ми қабының жабық және ашық жарақаттарынан кейінгі өзгерістер, бас, ми қысымының жоғарылауы, жедел және өтпелі ми-қан айналысының бұзылуы, ұйқы артерияларының окклюзиясы, мойын омыртқа артерияларының қосылуы мен тарылуы, қол басы артерияларының ангиопатиялары, аяқ қан тамырларының ангиопатиялары, цереброваскулярлы ауруларын дәл анықтауға болады. Сондай-ақ артериялық гипертензия, қант диабеті, жедел түрде болған қан айналуының бұзылысын диагностикалық анықтауға көмектеседі. Аталған жабдықтардың сертификаттары бар, арнайы мамандары оқытылды.
Айта берсем, халықтың денсаулығын жақсартуға арналған және диагнозды дәл табуға көмектесетін аппараттарды жаңалаудамыз. Оларды тізе берсем болар еді. Тек нақтысы мен негізгілерін атап өтуді жөн көрдім. Бір қуантарлығы, жақында пациенттерімізді алысқа сандалмасын деген оймен заманауи соңғы үлгідегі 3D УЗИ құрылғысын алдық. КТА жабдығына инсульт пен басқа да дерттерді анықтайтын жаңа жүйе енгіздік. Енді алдағы уақытта МРТ аппаратымен тұрғындарды бақылау мүмкіндігі туып тұр. Арнайы лицензиясын алған соң іске кірісеміз деп жобалап отырмыз.
– Көңілге қонымды жаңалықтарыңыз еселене берсін. Жалпы жұмыс барысы қалай жүйеленуде?
– Теміржол мекеме басшыларымен бірлесе отырып, мекемелерден сауықтыру, физиотерапиялық көмек көрсету кабинеттерін аштық. Сонымен бірге халыққа медициналық қызмет көрсету үшін елді мекендерге алғашқы медициналық көмекті жақсарту және жақындату мақсатында 7 медициналық пункттің жұмыс жасауына ықпал жасалды.
Атап айтқанда, Алтай, Ойынды, Көбек, Майлыбаш, РЗД-99, Байқожа, РЗД-101 медициналық пункттері іске қосылды. Сондай-ақ теміржолшыларға медициналық көмек көрсету, профилактикалық жұмыс жасау мақсатында «Қазақстан теміржолы» АҚ «Ұлттық компаниясы» Қызылорда магистралдық желі бөлімшесінің есебінен келісім шарт бойынша 6 рейс алдында тексеру пунктінің қызмет етуін қолға алдық. Яғни Қазалы локомотив, Қазалы «Қамқор вагон» ЖШС-ның «Қазалы вагон жөндеу депосы», Сексеуіл локомотив, Сексеуіл теміржол мекемелерінің, Төретам локомотив, Арал локомотивтерінде рейс алдында тексеру пункттері жұмыс істейді.
– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
28 мамыр 2022 ж. 617 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031