Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жеңілдетілген автонесие берілетін күн белгілі болды

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие берілетін күн белгілі болды

Барлық корпоративтік рәсімдер аяқталғаннан кейін 16 мамырдан бастап екінші деңгейлі банктер жылдық 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие бере бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы машина жасаушылардың халықаралық форумы аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.
«Кешеден бері банктер өздерінің корпоративті рәсімдерін, директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен барлық қажет келісімдерді бекітті. Енді олар тиісті рәсімдердени кейін дүйсенбіден несиені бере бастайды. Берген уәделеріне қарағанда, барлық жұмыстар дүйсенбі күні іске асырылады Бұрын осы несиелеу бағдарламасын жүзеге асырған екінші деңгейлі бес банк қазақстандықтарға несие беруді жалғастырады», - деді Роман Скляр.

Роман Склярдың айтуынша, дилерлерді тексеруге Сауда және интеграция министрлігі мен MIIR қызметкерлері жауапты болады. Ал жоғары баға метал бағасының өсуіне және дүние жүзінде жартылай өткізгіштердің тапшылығына байланысты.

«Несие беру бағдарламасы қазіргі кезде де жұмыс істеп тұр. Револьверлік негізде 88 млрд теңге бар және бұл қаражат айналымда. Бұл бағдарлама бойынша соңғы бес жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда «ӨКМ Операторынан» аударылатын 100 млрд теңгені қосамыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Айта кетерлігі, қазақстандықтар көлік бағасының қымбаттығына, олардың тапшылығына шағымданып жүр. Көптеген сатып алушылар кезекке тұру үшін көліктерін алты ай күтуге немесе дилерлерге пара беруге мәжбүр. Сондай-ақ көптеген дилерлер сатып алушыларды қажетсіз қымбат опцияларды алуға мәжбүрлеп жатады.
13 мамыр 2022 ж. 776 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 567

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 016

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031