Зияны аз темекі түрлерінің салығы да аз болуы керек пе?
QazSpirits алкоголь және никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы "Денсаулық" Ұлттық Қауымдастығымен инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларынан болатын зиянды төмендету бойынша қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға салық салудың халықаралық тәжірибесін зерттеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанның ақпарат алаңында дәстүрлі темекілерге - темекі қыздыру жүйелері мен электрондық темекілерге түтінсіз баламаларға салық салуға қатысты пікірталас өрбіді. Оларға акциздерді темекі акциздерімен теңестіру керек деген пікірлер бар.
Мұндай маңызды мәселеде ғылыми және экономикалық негізделген тәсіл маңызды. Акциздік салық өнімнің бағасы өндіріс құнын ескере отырып, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін ғана емес, сонымен бірге осы өнімді тұтыну арқылы қоғамға теріс бөгде әсерлерді де көрсетуі үшін енгізіледі. Осыған байланысты, егер ол өзінің дәстүрлі баламасымен салыстырғанда зияны азырақ болса, өнімнің аз акциз мөлшерлемесіне салық салу қисынды.
Сарапшылар жүргізген салыстырмалы талдауға сәйкес ЭЫДҰ елдерінде никотині бар сұйықтықтар мен қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға арналған мөлшерлемелер орта есеппен сәйкесінше 90% және 60%-ға төмен. Еуропалық Одақта - 89% және 72%, ЕАЭО-да - 87% және 70%, ал ТМД-да - 89% және 62%-ға төмен.
"Денсаулық" Қауымдастығының сарапшысы Гүлнар Құрбанбаева көптеген елде сараланған салық салуды қолдану мәселелерінде зиянды азайту тұжырымдамасының қағидаттары ескерілетінін атап өтті.
"Адам денсаулығына зияны көбірек өнімдер мен тауарларға олардың зияны азырақ баламаларына қарағанда жоғары салықтар салынады. Мұндай тәсіл компанияларды инвестициялауға, зияны аз өнім өндіруге және азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау аясында мемлекеттік бюджетті толықтыруға ынталандырады, бұл қоғам талаптарына толық жауап береді", - Гүлнар Құрбанбаева.
Көптеген дамыған елдерге қатерлі ісік, екінші типті диабет, жүрек-тамыр аурулары, ӨСОА және басқалар сияқты жұқпалы емес аурулардан болатын өлімді азайтуға көмектесетін зиянды азайту тұжырымдамасын жақтаушылар, дәрігерлер экономисттің пікірімен келіседі.
Бір сөзбен айтқанда, кейін емдеуден гөрі алдын-алу әлдеқайда оңай және үнемді. Зиянды азайту тұжырымдамасының мәні қарапайым - зияны азырақ баламаларды ұсыну және оларды тұтынушылар үшін қол жетімді ету.
"Біз темекі бұйымдары жайлы айтқанда, адам денсаулығына басты зиян темекі түтініндегі темекінің жану өнімдері тигізетінін нақты ұғынуымыз керек", - деп пікір білдірді "Денсаулық" Қауымдастығының сарапшысы, дәрігер Гинтаутас Кентра.