Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз бойынша ана өлімі ең көп тіркелетін өңірлер аталды

Еліміз бойынша ана өлімі ең көп тіркелетін өңірлер аталды

Елімізде 2021 жылы коронавирусқа байланысты күрт өскен ана мен бала өлімі 2022 жылдың бірінші тоқсанында біршама төмендеді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенаттың жалпы отырысында әйелдер босану кезінде жиі қайтыс болатын өңірлер мен негізгі себептерді атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми деректері бар. Пандемияға дейін ана өлімінің көрсеткіші төмен болған елдерде де індет кезінде үш-төрт есеге өскен. Бұл вирус болғандықтан баласың ба, жассың ба, кәрісің бе, жүкті анасың ба – қарамады. Жап-жас, дені сау адамдар да көз жұмып жатты. Ал жүкті әйелдердің физиологиялық жағдайы инфекцияның тез дамуына ықпал етіп, қайғылы жағдайлардың көбеюіне себепші болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген барлық талдаулар әлемде, соның ішінде Қазақстанда да бұл көрсеткіш былтыр өскенін көрсетеді», - деді Ғиният.

Қаңтар айында коронавирус инфекциясының бесінші толқыны болғанына қарамастан, бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш күрт төмендеген. Жоғары көрсеткіштер Атырау және Павлодар облыстарында байқалған.

Отырыста депутаттардың бірі адам өлімінің бір себебі ретінде перзентханалардағы ескірген құрал-жабдықтарды атады. Ғиният жыл сайынғы құрал-жабдықтарды сатып алу мәселесіне тоқталып, соңғы екі жылда перзентханалар мен перинаталдық үйлер 80-90 пайызға жабдықталғанын айтты.

«Жалпы босанудағы қиындықтару, әрине, жаңа немесе қымбат тұратын жабдыққа байланысты емес. Бұл негізінен халықтың денсаулығы мен перинаталдық орталықтың өзінде немесе перзентханаларда дер кезінде көмек алуына байланысты. Жыл сайын нысаналы трансферттер арқылы, республикалық бюджет арқылы әр облысқа белгілі көлемде қаржы бөлінеді. Биылғы жылы медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 50 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде біз босану және балалар ұйымдарына басымдық беріп отырмыз. Бірақ техниканың аты – техника. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін желдеткіштер, ультрадыбыстық аппараттар жыл сайын жаңартуды қажет етеді. Қажет болса, қарастырып, сатып алу керек», - деді министр.
28 сәуір 2022 ж. 384 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 11

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930