Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды

Елімізде Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 ардагері бар. Былтыр Қазақстанда 665 ардагер болған", - деді министрлік өкілдері.
Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге үлес қосқан 72 468 азамат бар.

Оның ішінде:
қоршаудағы Ленинград тұрғыны - 91;
концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны - 205;
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі мен күйеуі - 2 918;
ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері - 6;
тылда еңбек еткендер - 69 248.
Министрлік мәліметінше, заң бойынша, ардагерлерге әлеуметтік көмекті жергілікті әкімдіктер көрсетеді.
19 сәуір 2022 ж. 640 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031