Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы қорындағы қаржы тіс емдеу құнын қымбаттатты

Зейнетақы қорындағы қаржы тіс емдеу құнын қымбаттатты

Қазақстандықтар тіс емдеу бағасы қымбат екеніне жиі шағымдана бастады. Тіпті, балалар стоматологиясының құны ересектерге арналған бағадан айтарлықтай ерекшеленбейді. Кейінгі кезде тіс емдету мен салдыру былай тұрсын, жұлдыру бағасының өзі қымбаттаған. Кенеттен тісіңіз ауырып, емханаға барсаңыз бір тісті емдеу үшін 10 мың мен 30 мың теңге, ал жұлдыратын болсаңыз 7 мың мен 20 мың теңге аралығында ақшаңызды шығындауға дайын болыңыз.
Қазіргі таңда тісін тегін емдетуге мүмкіндігі барлар: жүкті әйелдер, кәмелетке толмағандар, көп балалы аналар, зейнеткерлер, АӘК алушылар, мүгедек бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтіндер. Оның өзінде пульпит, периодонтит, стоматит, жақ-бет жарақаты бар төтенше жағдай болса ғана.

Мысалы, тіс жұлғызудың орташа бағасы шамамен 8 мың теңге болады, ал егер ол ақыл тіс болса, құны кем дегенде екі есе өседі.

Қарапайым тісжегіні емдеудің орташа құны шамамен 10 мың теңге, ал тамыр тісжегісі 30 мың теңгеден жоғары. Оған анестезия құны мен шамамен бір тіс үшін 1500 теңге болатын рентгенді қосыңыз, ал ауыз қуысының 3D фотосуреті шамамен 10 мың теңге немесе одан да қымбат тұрады.

Сондай-ақ, рентген міндетті түрде сіз емделетін клиникада жасалуы керек, себебі көпшілігі басқа емханада жасалған дайын рентгенді қабылдамайды.

Ал кариесті емдеу құны көп жерде 50 мыңнан басталады. Егер тісіңіз күрделі емдеуді және тіс имплантын қажет етсе, онда қалтаңыз соғұрлым қалың болғаны жөн. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында бір тіске имплант бағасы 100 мың теңгеден басталады, ал қосымша сүйек тінін өсіру қажет болса баға бұдан да қымбат.

Қазіргі таңда тіс емханасының көпшілігі жекеменшік. Мұндай емханада емдеу құнына медициналық препараттар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалатын шығындардан бөлек, ғимаратты жалға алу, тіпті кейбірінде мамандарды қосымша оқыту ақысы да кіруі мүмкін. Осылайша жекеменшік емханалар нарықтағы бағаның өсуіне әсер етеді.

Қазақстан стоматологтар қауымдастығының президенті Назым Бектұрғанова еліміздегі жалақы мөлшерінің төмен болуы қарапайым тұрғындарға стоматологиялық қызметтерге қол жеткізуге кедергі келтіретінін айтты. Сонымен қатар Қазақстанда стоматологиялық аурулар профилактикасына арналған бағдарлама да жоқ, елдегі тіс ауруы деңгейінің өте жоғары болуы осылармен байланысты деді ол.

«Стоматологиялық қызметтер құны ең алдымен, валюта бағамына байланысты. Өйткені барлық медициналық өнімдер толығымен шетелден тасымалданады. Бізде стоматологиялық медициналық бұйымдар мен жабдықтар өндірісі жоқ. Егер доллар бағамы өссе, сәйкесінше стоматология құны да қымбаттайды.

Тіс ауруларының жоғары деңгейі мен қымбат бағаның негізгі себебі профилактикалық бағдарламаның және медициналық жабдықтар өндірісінің болмауы деп айтуға болады. Ал зейнетақы қорындағы ақшаны заңсыз аударып, қолма-қол ақшаға айналдыратындар тіс емдеу құнының қымбаттауына әсерін тигізуде деп ойламаймын», – деп түсіндірді стоматологтар қауымдастығының президенті.
07 сәуір 2022 ж. 438 0

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 77

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031