Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жігітіне тамақ пісіру ұят па?

Қазақ жігітіне тамақ пісіру ұят па?

Осы сұрақты көп адамға қойдық. Біреулер ас әзірлеу тек әйелдің ісі деп білетіндерін, қазан-ошақтың басында жүруді, ас үйдегі зайыбына көмектесуді намыс көретіндерін айтты. Тіпті, еркектерге ас үйден аулақ жүруге кеңес бергендер де болды. Енді біреулер ер адамның тамақ істегенінің ешқандай сөкеттігі жоқ дейді.
Республикалық телеарналарда ас мәзірін ұсынатын бағдарла­маларды жүргізген «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовпен де сөйлесіп, тақырып төңірегінде пікірін білген едік.
«Мұның несі ұят? Ешқандай да орынсыз емес. Қайта ер адамның жасаған тағамы ерекше дәмді болады. Әйелдер ерлердің дайындағанындай, әзірлей алмайды. Мәселен, ертедегі патшалардың ең атақты аспаздары ер адамдар болған. Сіз аңшылардың тамағын жеп көріп пе едіңіз? Сонау қу медиен далада, немесе ну-тоғай арасында… немесе түйе сойғанда басында отырдыңыз ба? Мұншама етті ерлер ғана боршалап, қазанға аса алады. Ол аз десеңіз, шабандоз-көкпаршылардың жасаған тамақта­рын жеген кім бар? Олардың ет тураулары, қамыры қандай?! Енді намыс додасында солар кімге есесін жіберіп жатыр. Біздің қазақта аспаздық тек әйелдің ғана жұмысы деген сондай бір түсінік бар. Рас, бұл – әйелдерге тиесілі. Дегенмен, тағам жасағаннан еркек болмай қалған бірде-бір жігітті көрмеппін. Ал, әскерде, жорықтарда ше? Оны сарбаздардың өздері дайындайтын болған. Менің ойымша, ер адам деген суға салса суға, отқа салса отқа түсіп кете беретін бесаспап болғаны жөн», – дейді Уәкең.
Тағы бір жайтты ескерген жөн, мәселе қазан-аяққа араласуда емес, қазіргі заманда аспазшылықты кәсіп ретінде тыңғылықты меңгеруде. Өйткені, қала болсын, аудан болсын, мейрамханалар мен кафелерден аяқ алып жүре алмайсыз. Оқу орындарының, мекемелердің, кәсіпорындардың жанында асханалар мен буфеттер де баршылық. Осындай орындар тұрғанда аспаздар жұмыссыз қалмайды. Сондықтан да қыздар ғана емес, ер адамдар да тамақтың түр-түрін пісіруге құмар. Тіпті, елімізде соңғы жылдары аспаз мамандығына қызығатын ұлдардың қатары артқан. Әрине, тұрмыста ас үйдің сәнін келтіруші әйел заты болса, асты ерекше етіп дайындау ер адамдардың қолынан жақсы келеді. Демек, олардың мейрамхана-кафелерде көп болғанынан ешкім зиян шекпейді. Мұндай пікірді асхананың айналасында жүрген мамандар жиі айтып жүр. Қазалы ауданында да жиын-той, ас-садақаларда қой немесе ірі қара сойып, бас-сирағын үйіту, ет асу, күрішін пісіру, шай қайнату жұмыстарын да көбінесе ер адамдар атқарады емес пе?
«Қолыңнан шыққан тағамың ішкен адамның көңілінен шықса, қандай ғанибет?! Мен де палау, ботқа, ет асамын. Еңбегімді жемейді, үй иесінің бергенін аламын», – дейді қазалылық тұрғын Алмат Сәдібеков.
Айтпақшы, ең бірінші Адам ата жерге түскеннен кейін қарны ашқанда Жаратушы Жебірейіл періштені жіберіп, оған тамақ пісіруді үйретіпті. Кейінірек Адам ата Хауа анаға түзде көп жүретіндігін айтып, ас әзірлеудің қыр-сырына қанықтырған. Ендеше «жігітке жеті өнер де аз» дегендей, ер адам бес аспап болса, дәрежесі артпаса кемімейді.

Кәусар БЕГІМ
10 сәуір 2018 ж. 3 168 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930