Министр коронавирус туралы болжамды айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың таралуы туралы алдын ала болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазір нақты болжам бойынша келе жатырмыз. Жағдай нашарласа, 300-ден аса науқас тіркелуі мүмкін. Қазір жағдай жақсарғанын ескеріп, шектеу шараларын алып тастаймыз", - деп жауап берді министр.
Ажар Ғиният коронавирустың жаңа штамы пайда бола ма деген сұраққа мұндай болжам Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында да жасалмайтынын атап өтті.
"ДДСҰ бұл туралы екі нұсқа ұсынады. Біріншісі - коронавирус мәңгі қалып, басқа вирустар сияқты маусымдық (ауру - ескерт.) сипатқа ие болады. Екінші нұсқа - бір жерде жаңа штамм пайда болуы мүмкін. Сонда бүкіл әлем бойынша шаралар қабылданады", - деп қосты ол.