Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал заңгер қандастардың азаматтығын тексеруді сұрады

Танымал заңгер қандастардың азаматтығын тексеруді сұрады

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі комиссияның жетекшісі, адвокат Айман Омарова тарихи отанына оралатын этникалық қазақтар бойынша президентке үндеу жолдады.
Бүгін мәжіліс отырысында Омарова Қасым-Жомарт Тоқаевтан соңғы бес жылда шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың көші-қон бағдарламасын әзірлеуді сұрады. Негізгі мақсат – оларды қоғамға толығымен интеграциялау. Сондай-ақ, танымал адвокат таяу және алыс шетелден "этникалық қазақ" болып көшіп келгендерге азаматтық берудің заңдылығын тексеруді ұсынды.
Отырыс кезінде адвокат қаңтардағы тәртіпсіздіктерге екі жылдай дайындық жасалғанын айтты. Осы уақыт ішінде ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің көмегімен елге Ауғанстан азаматтары кіріп кеткен.
"2019 жылдан бастап Қазақстанға Ауғанстаннан адамдар келгені туралы ақпарат бар, оларға статус берілген. Қаңтардағы оқиғалардан кейін олардың паспорттары жойылған", - дейді Айман Омарова.

Оның айтуынша, қазір олар Қазақстаннан шығып, Түркияға және Еуропаға кеткен. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде калий цианиді бар бірнеше бөшке де ұрланған. "Ғалымжан Нақбаевтың ісі бойынша қоймалардан әсері күшті улы заттар, калий цианидінің бірнеше бөшкесі ұрланды. Бұл заттың 500 грамы бір қала халқын жансыздандырып тастауға қауқарлы. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Бұдан бөлек, қоймаларда басқа да химиялық заттар болған: күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да заттар", - деді адвокат.
Омарова барлық іске ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты.
14 наурыз 2022 ж. 690 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 74

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930