Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Молдахмет Қаназ – 80 жаста

Молдахмет Қаназ – 80 жаста

Алматы қаласының тұрғыны, Қазақстан ЖазушыларОдағының мүшесі, жерлес ағамыз Молдахмет Қаназға
Сіз, шығармашылық «Сонарына» із салып, «Ақ тайлағыңызды» жетелеп, «Құм қойнауын» аралап, «Жаңбырлы жазда» «Армандай алыс жағалауларды» жағалап, өмір «Арнасына» түстіңіз де «Қияндағы күн нұрына» көз тастап, Алматыға жол тарттыңыз.
Сапарыңыз сәтті болып, шығамаларыңыз бәйгелерді иеленіп, Сізді қазақ, орыстар ғана емес, грузиндердің, өзбектердің оқығаны, орыс, болгар жазушыларын қазақша сөйлеткеніңіз, даусыңыздың Сыр саңлақтарының «Қайталанбас дауыстар» атты антологиясында сақталуы біз үшін мақтаныш.
Сонау жылдары «Жалында» жалындасаңыз, қазір халқымыздың денсаулығына ден қойған «Денсаулық» журналын басқарып отырсыз.
Бұл еңбектеріңіз елеусіз қалмады. Алашқа әйгілендіңіз (2016 жыл «Алаш» сыйлығы), құрметке бөлендіңіз «Арал, Қазалы аудандарының Құрметті Азаматы, 2017 жыл «Құрмет» орденінің иегері атандыңыз.
Қандай жағдайда болсаңыз да «Жер кіндігі» туған жерді, әруағы жебеген Батыр Бабаны – Жанқожа Нұрмұхаммедұлын жадыңыздан бір сәт шығарған жоқсыз.
Сол толғаныстар «Кек» атты үш актілі тарихи драма, Батыр бабамыздың күрес жолы туралы зерттеу жинақтары, «Ел қорғаны – Ер Жәкем» болып, халықтың қолында жүр.
Әдебиет атты әлемге құштар жандарға жасаған қайыр, қомыңыз сол жандардың есінде.
Осының бәрі Сіздің Мәртебеңізді көтере түсетіні сөзсіз. Алла осы абыройдан айырмас деп тілейміз. Сексеннің сеңгірі құтты болғай!
Ініңіз
Есекей Құдайберген
10 наурыз 2022 ж. 1 123 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031