Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Қызылордада көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте БАҚ өкілдерінің Сыр елі азаматтарының көктемгі шақырылымы туралы сұрақтарына полковник Айдын Сағынбеков жауап берді.

18-27 жас аралығындағы жеті жүз елуге жуық Сыр елінің азаматтары көктемгі мерзімді әскери қызметке аттанады. Әскери қызметке шақыру жұмыстары 2022 жылдың 4 наурызындағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген қызметін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз–шілде және қыркүйек–желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының талаптары негізінде ұйымдастырылатын болады.
Сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін ұзартуға, белгіленген мерзімдегі қызметіне біржолғы ақшалай сыйақы төлеуге, білім беру секторында жеңілдіктер беруге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сияқты Қорғаныс министрлігінің жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге деген ынтасын арттыру мақсатындағы ұсыныстары қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісілу үстінде. Әскерге шақыру науқанын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Комиссияларды қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары басқарады.
Әскери қызметке шақырылушы азаматтарды хабардар ету пандемия кезіндегі қарым-қатынасты азайту мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1414 сервис қызметі пилоттық режимінде SMS-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асады.
«Пандемия жағдайына байланысты алдын алу шаралары толықтай қолға алынуда. Әскерге шақырылушылардан әскерге шақыру уақытында және әскери бөлімдерге келген кезде белгіленген арнайы пункттерде ПТР-талдамасы алынады. Ал, шақырылушыларға екпе жүргізу келген әскери бөлімде, яғни, қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады. Шақыру науқаны барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жалғасады», – деді Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағынбеков.
05 наурыз 2022 ж. 380 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 198

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930