Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Утилизациялық алым мөлшері: бұрын және қазір

Утилизациялық алым мөлшері: бұрын және қазір

Утилалымға қарсы белсенділер бірнеше ұсыныс айтқан. Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алымның мөлшері 50 пайызға азаятынын мәлім еткені белгілі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, Қазақстанда бес жылдан бері автокөлік өндіретін компаниялар, ресми түрде көлік импорттайтын компаниялар мен елге шетелден көлік әкелгісі келетін жеке тұлғалар утилизациялық алым төлеуге міндеттелген.
Утилизациялық алымның көлемі 50 айлық есептік көрсеткішке теңестіріліп, сәйкесінше, АЕК өзгергенде, оның көлемі де ауысып отыратын. Және утилалымнан түскен қаражаттың бәрі 2022 жылдың қаңтарына дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға түсіп тұрған. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай бұл жекеменшік компания жойылып, оның функциясы «Жасыл даму» АҚ-ға берілген.
Роман Скляр бүкіл келіссөздерден кейін Үкімет утильалымды толықтай жоя алмайтынын, сондықтан, оны 50 пайызға арзандатып отырғанын мәлім етті.
Айта кетейік, утилалымға қарсы белсенділер бірнеше ұсыныс айтқан:Біріншіден, ауыл шаруашылығы техникалары мен жүк көліктерінен утильалым мүлде алынбауы керек.
Екіншіден, жеңіл автокөліктерден алынатын утильалым 10 мың теңгеден аспауы керек.
Үшіншіден, техникалық регламент жойылсын.
Төртіншіден, алғашқы тіркеу құны 100.000 теңгеден аспауы керек
Дегенмен, бүгінгі өзгеріске қарамастан, ең арзан утильалымның көлемі 200 мыңнан басталып отыр. Azattyq Rýhy утилизациялық алым бұрын қандай көлемде болғанын және Үкіметтің бүгінгі 50 пайыз «жеңілдігінен» кейін қалай өзгеретінін ұсынады.
23 ақпан 2022 ж. 911 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031