Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Апыр-ай, неке серті неге нәзік?

Апыр-ай, неке серті неге нәзік?

Ертеректе қазақ халқы ажырасу туралы әңгіме қозғамаған дегенді жиі естиміз. Әсілінде, тұрмыстық жағдайдың төмендігі, әлеуметтік мәселе мен гендерлік теңсіздік өршіп тұрған тұста, көрегенді әжелер мен мінезді аталардың дауды алысқа апармағаны ұлттық құндылықтың құнды болғанын аңғартса керек. Бүгінгі күні отбасы институты құлдырап келеді. Батыстан келген өмір салты шығар, жас пен кәрі жарыса ажырасып жатқанының куәсі болып отырмыз. Ресми мәліметке сүйенсек, бір ғана Қазалының өзінде жылына жүзден астам жұп ат құйрығын кесіседі.
Нақтырақ айтсақ, 2020 жылы дәм-тұзы жараспаған 181 жұп заңмен айырылысу туралы өтініш тастаған. Өткен жылы 183 отбасы неке бұзуға ниетті болған. Алайда олардың арасында ашу үстінде қабылданған шешім жетегінде келгендер де барын жоққа шығаруға болмайды. Осыны ескерген аудандық сот қызметкерлері істі қарау барысын заң шеңберінде бір айдан алты айға дейін созуға тырысатындарын айтады. Кешегі ғашықтардың сабырға келуіне уақыт беріп ғана қоймай, оларды татуластыру үшін медиация әдісіне жүгінеді. Мұны өткен ғасырда қоғамда рөлі болған әулет үлкендерінің, бітістіруге бағытталған амалының заманауи түріне айналып үлгерді десек қателеспейміз. Соның арқасында өткен жылы үйде айтылатын жылы әңгімесі таусылған 46 отбасының түтіні түзелген. Ортадағы бір жасқа толмаған бала бары ескеріліп, бір өтініш қанағатандырылмаса, қалған 109 жұп тоқтау салғанға көнбей, біржола кетіскен. Ажырасу себебі де жастарына сай біркелкі көрінеді.
– Неке бұзуға ниеттілер саны кемімей тұрғаны рас. Біз өз тарапымыздан себептің салмағына байланысты қолдан келгенше көмектесеміз. Көбіне әлеуметтік мәселе жұптардың жолын екіге айырып жатады. Мәселен, 25 жасқа дейінгі азаматтар жолдасының кешкілік көше кезіп кететінін, бөтен қыздармен сөйлесетініне шағымданады. Орта жастағы әйелдер жұбының ішімдікке, құмар ойынға бейім екенін, жұмысы жоқтығы үшін ажырасуға бел буғанын айтады. Сол сияқты 35 жастан асқан отбасыларды да сот залынан көруге болады. Бұл тұста отағасының басқа бала-шағасы бары немесе басқа әйелге үйленгісі келетіні анықталып жатады. Көңіл қынжылтатын бұдан да басқа себептер аз емес. Өкініштісі сол, арызданушы азаматтардың 80 проценттен астамы әйелдер. Кейде ер азаматтарымыз отбасылық құндылықтың, қуаныштың бағасын білмей жүр ме деген ойға қаласың, – дейді аудандық сот төрағасы Дәурен Әбдіқалықов.
Әрине, кеше ғана ұлан-асыр той жасап, келешекке қол ұстасып сапарлауға серттескен жастардың жыл өтпей-ақ жараспай қалып жатқаны жаныңа батады. Сол сияқты қыз баласының сабыр мен көрегенділікке көңіл бөлмеуі, ер азаматтардың аманатына жауапкершілікпен қарамауы түбінде қоғамның азып-тозуына септесіп отыр. Бұл рухани тұрғыдағы насихаттың, депутат Нұртөре Жүсіп айтқандай, адами қадір-қасиетті арттыру бағытталған саяси-қоғамдық идеологияның әлсіздігінен туып отыр. Осыдан кейін «ішіме сыйған қыз сыртыма сия­ды», «балам қатынсыз қалмайды» деген ажырасудың бастау сөздері таққа мінбей қайтсін?!
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
22 ақпан 2022 ж. 522 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930