Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар оқиғасы: Соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр

Қаңтар оқиғасы: Соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр

Қаңтар оқиғасы бойынша соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жолғы брифингіде мемлекеттік нысандарға шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттері терроризм актілері және жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу ретінде сараланатын жағдайлар туралы айтылды. Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеуде, оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша - 45. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр», - деді Е. Қилымжанов. Оның айтуынша, жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қатысты қамауда ұстау - ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.

21 ақпан 2022 ж. 969 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 152

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031