Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салғызғандар саны
2022 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 279 559 адам, ІІ компонентін 8 855 051 адам салдырды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат. 2022 жылғы 10 ақпандағы Pfizer вакцинасының І дозасын 730 538 адам, ІІ дозасын 429 343 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен Жасөспірімдер – 604 086 Жүкті әйелдер – 28 441, Бала емізетін әйелдер – 93 388. ІІ компонентімен Жасөспірімдер – 352 690, Жүкті әйелдер – 18 717, Бала емізетін әйелдер – 57 883.