Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленіп жатыр

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленіп жатыр

Үкімет халықтың табысын арттыру бағдарламасы дайындап жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайлылов Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Елімізде 700 мың адамды жұмыспен қамту үшін қажетті жағдай жасалады.
«Іскерлік бастамаларды жүзеге асыру аясында жастардың 20 мың өкілі мен халықтың осал топтарына арналған гранттар мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 2 есеге ұлғайтылады. Отандық кадрларды, әсіресе жастарды жұмысқа орналастыру басымдығын ескере отырып, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі өзгертілетін болады», - деді Премьер-министр өз баяндамасында.Салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту жалғасады және мемлекеттік спорт тапсырысты қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Өңірлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде 35 мәдениет объектісі салынып, 265 нысан жөнделеді.«Жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын 25 мың адамды қамти отырып, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен еңбекақы төлеу ұлғайтылатын болады. Жеке компанияларда жас мамандар үшін тағылымдамалар ұйымдастыру жоспарлануда. Жастар ресурстық орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар мен спорттық федерациялар жанынан спорттық жастар клубтары құрылады», - деді Әлихан Смайылов.
08 ақпан 2022 ж. 505 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 587

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 030

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031