Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ басшысы: Адамзат шешілмес проблемалардың алдында тұр

БҰҰ басшысы: Адамзат шешілмес проблемалардың алдында тұр

Кедейлік пен теңсіздіктің күшеюі, қақтығыстар, бытыраңқылық пен сенімсіздік – адамзат шешілмес проблемалардың алдында тұр. Бұл туралы Халықаралық адамзат бауырластығы күнінде оқыған жолдауында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық бауырластық күнінде ол мәдени және діни түсіністік пен өзара құрметтің маңыздылығын еске салып, диалог пен конфессияаралық келісімді ілгерілетіп отырған дүниежүзіндегі дін көшбасшыларына алғысын білдірді. БҰҰ басшысы өз жолдауында тек діні немесе сенімі, этникалық, жынысы немесе жыныстық бағдары негізінде адамдарға қарсы өшпенділік, төзімсіздік, кемсітушілік, тіпті физикалық шабуылдардың көбеюін айыптады. Гутерриштің айтуынша, мұндай жантүршігерлік әрекеттер – Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарына жасалған шабуыл. Ол барлығы үшін инклюзивті, бейбіт және әділетті әлем құру үшін ынтымақтастықта әрекет етуге шақырды.
07 ақпан 2022 ж. 298 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 212

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930