Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құс еті бойынша импортқа тәуелді – депутат

Қазақстан құс еті бойынша импортқа тәуелді – депутат

Былтыр Қазақстан бойынша 7 құс фабрикасы іске қосылды. Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша импортқа тәуелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде құс етіне тәуелділік жоғары. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген мәлімдеді. Елде асыл тұқымды құстың болмауы импортқа тәуелділікті арттырып отыр.
«Саланың тиімділігін арттыру үшін ғылыми зерттеу институттарының өзіміздің асыл тұқымды құсты өсіріп шығаруы, технологиялар арқылы құс шаруашылығы саласын дамыту керектігі туралы мәселені депутаттар бірнеше рет көтерген болатын. Алайда бұл мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында айтылмаған», - дейді депутат.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев құс етін өзге елдерден алдырып отырғанымызды мойындап, мәселені қалай шешетінін түсіндірді.
«Соңғы жылдары құс етіне сұраныстың жоғары екенін түсініп, осы салаға қаражат аударып отырмыз. Былтыр Қазақстан бойынша 7 құс фабрикасын іске қостық. Бұл бізде 70 мың тонна құс етін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл салаға 40 млрд теңге инвестиция бағытталды», - дейді министр.
02 ақпан 2022 ж. 395 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930