“Әрбір сәттен ләззат ал!”
Телефонды смартфонға айналдырып, адамзаттың өмір салтын өзгертіп жіберген Стив Джобс 8 жыл бойы жаман аурумен күресіп, 56 жасында ұйқы безінен түскен қатерлі ісіктен қайтыс болды.
Оның ақырғы сөзі есеңгіретіп барып ес жиғызады.
“Бизнесте табыстың шыңыны шықтым. Жұрт менің өмірімді табысты адамның үлгісіндей көреді. Алайда өмірде жұмыстан басқа қызық көрмедім десем де болады. Әрі-беріден соң, байлық – өмірімдегі өзім үйреніп кеткен факт қана. Дәл қазір төсек тартып жатып өткен күндеріме көз тастаймын да, ойға батамын. Бар байлығым мен атақ-даңқым төніп тұрған ажалдың алдында түк те емес екенін түсіндім.
Ақшаң болса, жүргізуші жалдайсың, жұмысыңды істеп беретін адамдарды да табуға болады, бірақ қанша ақшаң болса да, бойыңдағы ауруды ешкімнің арқасына арта алмайсың. Кез келген затты табуға және сатып алуға болады. Алайда өткен өмірді қайтара алмайсыз, ешқашан сатып ала алмайсыз.
Сондықтан өмірің барда оны бағала. Айналаңдағы адамдарға құрметпен қара.
Жас ұлғайған сайын адамға ақыл кіреді екен. Сағатың 30$ тұра ма, 300$ тұра ма, бір уақытты көрсететінін түсіне бастаймыз. Әмияныңыз 30$ тұра ма, 300$ тұра ма, оған сиятын ақшаның көлемі бірдей. Көлігіңіздің бағасы 150 000$ ма, әлде 30 000$ ма, бәрібір, жол мен қашықтық бірдей, баратын жеріңе сол уақытта жетесің. Нағыз бақыт қолыңда бар дүние-мүлікте емес, қандай жағдайда да жаныңда болатын жандармен бірге өткізген сәттерде екен.
Сондықтан балаларыңызды бай бол деп тәрбиелемеңіздер, бақытты болсын деп тәрбиелеңіздер. Сонда олар өскенде заттың құнын емес, құндылығын білетін болады.
Асты дәрі сияқты аздап ішіңіз. Әйтпесе, дәріні ас сияқты көбірек ішуге тура келеді.
Сізді шын жақсы көретін жандар ешқашан тастап кетпейді. Тастап кетуге жүз түрлі себеп тапса да, табандылық танытып, теріс айналып кетпеудің бір себебін табады.
Адам болу мен адамгершіліктің арасы жер мен көктей. Егер жылдам жүргіңіз келсе, жалғыз жорытыңыз, ал егер ұзақ сапар шеккіңіз келсе, бірге аттаныңыз.
Менің осы уақытта түсінгенім, әлемде мықты алты дәрігер бар.
– Күн сәулесі
– Демалыс
– Жаттығу
– Диета
– Өзіңе деген сенімділік
– Достар
Осы “дәрігерлерден” ешқашан қол үзбеңіз. Денсаулығыңыздың қадірін біліңіз. Әрбір күніңізге шүкіршілік етіп, әрбір сәтіңізден ләззат алып өмір сүріңіз.
P.S. Стив Джобстың ресми әрі жалғыз биографиясын Уолтер Исааксон жазып шықты. Бұл көлемді еңбек Mazmundama жобасы аясында қазақшаға аударылды.
Ашық дереккөзден