Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АвтоХҚО-лар жұмысын қайта бастады

АвтоХҚО-лар жұмысын қайта бастады

12 қаңтардан бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істей бастайды.
Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).
Әзірге Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚО-лары ғана ашылмайды. Аталған өңірлерде автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

«Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қыз­меттердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚКО-лар қайта іске қосылады, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. АвтоХҚКО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін» деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ashyq қо­сымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпиде­миялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

17 қаңтар 2022 ж. 437 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930