Әлеуметті қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысы өсті
Биылдан бастап қазақстандық әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысы өсті. Мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, ЖОО ұстаздары енді 25 пайызға артық айлық алып жатыр. Мұғалімдердің ақшасы еңбек өтіліне, біліктілігіне қарай есептеледі.
Сапура Төлекова, ҚР Білім және ғылым министрлігі комитет төрағасының орынбасары: - Өткен жылы еңбек өтілі жоқ жас маман мектепте жаңа ғана жұмысын бастаған қазіргі бекітілген норма бойынша 16 сағаттық жүктемемен жұмыс істеген жағдайда шамамен 160 мыңдай алса, қазір көтерілген уақытта ол кісілерге 25 пайыз дегеніміз, 190 мың теңгеден асуы керек. Үй жұмысын тексеріп сыныпқа жетекшілік еткені немесе ағылшын тілінен сабақ бергені үшін ұстаздарға қосымша ақы қосылады. Сондай-ақ магистр дәрежесі бар мұғалімнің айлығы 30 мың теңгеге артылады. Кітапханашы, бухгалтер, зертханашы және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері де қаңтардан бастап бірінші рет 20 пайыз қосылған жаңа төлем алып қарық болмақ. Еліміздегі 400 мыңдай мұғаліммен бірге 300 мыңға жуық медицина қызметкері орта есеппен 20-30%-ға артық жалақы алуда. Былтыр дәрігерлердің жалақысына 75 мың теңгеден артық ақша қосылған-ды. Жалпы 2023 жылы педагогтердің де, ақ халаттылардың да жалақысы тағы артылады.