"Байқоңыр" ауданының әкімі тұрғындар шағымын Facebook арқылы қабылдамақ
Байқоңыр" ауданының әкімі Ерлан Каналимов тұрғындар үшін ресми ресми парақша ашты, деп хабарлайды BNews.kz.
"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді "Facebook" әлеуметтік желісіндегі "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты парақшасында көруге қуаныштымын! Аппарат парақшасында Сіздер әрдайым ауданда өтіп жатқан оқиғалар мен іс-шаралар туралы ақпаратты таба аласыз", - делінген.
Әкім қызметіне тағайындала отырып, біріншіден, тұрғындардың ауданда өмір сүруіне ыңғайлы болуы үшін бар күш-жігерін салатынын айтқан.
"Әлбетте, атқарар жұмыс аз емес. Келешекте өздеріңізбен бірлесе отырып жұмыс атқарамыз деген үміттемін. Өйткені Сіздердің пікірлеріңіздің арқасында атқарушы және өкілді органдардың жұмысы біртіндеп реттелуде. Бірлесе отырып, ауданымызды өмір сүруге одан да ыңғайлы жасайтынымызға сенімдімін. Біздің интернет-қорымыз Сіздер үшін пайдалы және елордамыздың ең жас ауданы туралы ақпаратты білу үшін негіз боларына сенім білдіремін", - деп жазды Ерлан Каналимов.
BNews.kz.