Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметтің жаңа құрамы бекітіледі

Үкіметтің жаңа құрамы бекітіледі

Бүгін Президент Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгізеді және әлеуметтік-экономикалық саладағы өткір мәселелерді шешу туралы нақты тапсырмалар береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.
Президент:
Қысқа мерзімде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру керек. Толығымен қалыпты өмірге ораламыз. Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау үшін Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Ол азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетеді. Мемлекет қаржылай көмекпен қатар, кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін ұсынады. Атап айтқанда, несилер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл тоқтатыла тұрады.
Президент:
Қазір негізгі лаңкестікке қарсы операция аяқталды. Барлық өңірде жағдай тұрақты болып отыр. Сонықтан ҰҚШҰ бітімгерлік күшінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды. Екі күннен кейін бітімгерлік күшті шығару басталады. Оны шығару 10 күннен аспайды.
Мемлекет басшысы өз қызметі мен борышына салғырттықпен қараған қызметкерлер туралы айтты.
Кейбір қалаларда Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері сол жерде болған әскери жасаққа қарамастан қызметтік ғимараттардан қажетті құжаттарды тастап кетіп қалған, - деді Президент.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілері мен қарапайым азаматтардың отбасыларына көмек көрсету мемлекеттің қасиетті борышы екенін айтты.
Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз, - деп айтты Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
Мемлекеттік төңкеріс пен халықтың біртұтастығына шабуыл жасау орындалмады. Біз бірыңғай ұлт ретінде Алматы мен өзге облыс орталықтарын сақтап қалдық. Жақын арада олар қалпына келтіріліп, одан бетер гүлдене түседі. Енді бұл менің тікелей мақсатым. Үкіметтің де жауапкершілігіне жатады. Осы сәтті пайдаланып террорлық актіге куә болған қала тұрғындарына көңіл айтамын. Бүгінде қаралы күндер артта қалған кезде Ішкі істер министрлігінің құрылымдық күштері мен әскери қызметкерлерінің қайсарлығы үшін алғыс айтқым келеді.
Тоқаев ҰҚШҰ туралы айтты.
Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым – ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшесінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету. Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асырып жатыр. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ, - деді Президент.
Мемлекет басшысы:
Біздің елге қарсы террорлық соғыс басталды. Жауларымыз кез келген шараға дайын екенін көрсетті. Халық арасында үрей туғызып, қарсы шығуға әрекеттерді жүзеге асырмақ болды. Қазақстанға шабуыл жоспары әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпарат тарату бойынша жүзеге асырылды. Билікті жаулауға әккі кәсібилер қатысты. Халықаралық лаңкестер тарапынан қарулы шабуыл жасады, - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
Оның ішінде Жамбыл облысында болған тәртіпсіздіктер, ұлтаралық қақтығыс бойынша жүргізілген арандатушылар да кіреді. Біздің қоғамның біртұтастығын кәсіби ұйымдастырылған сценарий бойынша бұзу жүзеге асырылмақ болды. ҰҚК құзырлы орган ретінде бұл жұмысқа нақты баға бергісі келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіпті аңғармады. Шабуылды ұйымдастырушыларға тек себеп қана керек болды. Олар автогаздың қымбаттауына қатысты бейбіт шеруді пайдаланды. Жаңаөзен мен өзге облыстарда митингтер өтті. Кейін қылмыскерлер мен арандатушылар қосылды. Одан кейін шетелдік шабуылшылар мен лаңкестер қару алып жұмысқа қосылды.
Президент:
Осы оқиғаға байланысты шындыққа жанаспайтын түрлі ақпараттар тарап кетті. Бізге керегі тек ақиқат қана. Сол себепті оқиғаларды мұқият зерттей отырып айтарым, жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы:
Жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармағы деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл - бірнеше жыл бойы алдын ала ұйымдастырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық.
Президент:
Құрметті төраға, құрметті Мәжіліс депутаттары! Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай, біртұтас ел болып, еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру алдымызда тұрған маңызды міндет, - деді Президент Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен жаңа Премьер-министрге табыс, жұмысына жеміс тіледі.
Смайылов:
Алдымызда әлі коронавирусты еңсеру мәселесі тұр. Халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстары жалғасады. Үкіметтің алдына қойылған талаптарды шешу үшін барлық міндетті шара қабылданады.
Премьер-министр Әлихан Смайылов:
Маған үлкен сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға арналған өзгерістер іске асып жатыр. Азаматтардың заңды талапары ескеріліп, іске асады. Мемлекет басшысының елдегі экономикалық жағдайын тұрақтандыру тапсырмалары Үкіметтің басым міндеттері болады, - деді Смайылов.
Қатысқан 89 депутаттың барлығы кандидатураны қолдап дауыс берді.
Депуттар Әлихан Смайыловты Премьер-министр лауазымына сайлау бойынша дауыс беріп жатыр.
Жаңа Үкімет – бұл уақыт талабы. Бұл шешім Үкіметтің жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстан Министрлер кабинетінің басшы лауазымында Әлихан Асханұлы ел экономикасын дамыту мен әлеуметтік саланы нығайту жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін бар күш-жігерін салатынына сенімдіміз, - деді Депутат Айқын Қоңыров.
ҚХА атынан сайланған Наталья Дементева сөз сөйлеп жатыр. Ол ҚХА атынан сайланған депутаттың барлығы Президент ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдайтынын жеткізді.
Біз Президенттің айналасында жиналуымыз керек. Әлихан Асханұлы өзінің кәсібилігі мен тапсырмаларды орындауының деңгейі, азаматтық ұстанымына сенеміз, - деді ол.
Nur Otan фракциясының депутаты Альберт Рау сөз сөйлеп жатыр. Ол 30 жылдық тарихта Үкіметті жасақтау алғаш рет осындай қиын-қыстау кезеңде өтіп жатқанын айтты.
Осы жылдары біз қиын экономикалық дағдарыстарды бастан кешірдік. Мемлекеттік төңкеріс бұл жаңаша жағдайдағы оқиға. Қоғамның барлық күші сайланған Президенттің айналасына жиналды. Бәрінен бұрын Үкіметтің жаңа құрамы алдында жаңа мақсаттар тұр. Президент қойған басымдықтардың бірі - шикізаттың 2025 жылға дейін үлесін арттыру, - деді ол.
Депутат Айқын Қоңыров соңғы оқиғалар жүйелі реформаның қажет екенін және «Қазақстан халық партиясы» фракциясы Президентті толық қолдайтынын айтты.
Депутат Мұхтар Ерман Тоқаевқа Конституциялық тәртіпті қалпына келтіру, еліміздің Тәуелсіздігін сақтап қалу жөніндегі батыл шешімдерін депутаттар толық қолдағанын айтты.
Ақтау мен Жаңаөзенде халықпен кездесті. БАҚ-та, әлеуметтік желіде сұхбат берді. Гуманитарлық акциялар ұйымдастырды. Мемлекет басшысы өзінің Конституциялық өкілеттіктері негізінде Мәжіліс келісіміне Премьер-министр қызметіне Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Қалыптасқан күрделі жағдайда бұл өте дұрыс шешім. Оның тәжірибесі мол, - деді ол.
Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны қолдайтынын жеткізді.
Азат Перуашев Президент ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдайтынын жеткізді.
Кемедегінің жаны бір, кеше ғана Аза тұту күні лаңкестіктің салдарынан құрбан болған құқық қорғау органдары мен бейбіт тұрғындардың туғандарына қайғырып, көңіл айттық. Осы орайда Тоқаевтың төңірегінде жиналып, партияға бөлінбей біріге жұмыс істеуіміз керек. «Ақ жол» партиясы Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдайды, - деді Перуашев.
«Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перушаев сөз сөйлеп жатыр. Ол өзінің әріптесі Мұхтар Ерманның сөзін қолдайтынын айтты.
Мәжіліс депутаттары Президент ұсынған кандидатураны қолдады.
Мұхтар Ерман Премьер-министр лауазымына ұсынылған кандидат Әлихан Смайыловтың лайықты үміткер екенін айтып жатыр.
Қалыптасқан күрделі жағдайда бұл өте дұрыс шешім. Қалыптасқан жағдайда Әлихан Асханұлының мемлекеттік және саяси қызметте мол тәжірибесі бар. Ол Үкімет пен мемлекеттік қызмет зор қызметті атқарды, - деді депутат
Депутат Мұхтар Ерман:
Бүгін аса маңызды мәселені қарау үшін жиналып отырмыз. Қаңтардың соңғы 10 күні ішінде Қазақстан ауқымды және қиын жағдайды бастап өткерді. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихында болған ең ауыр оқиға.
Депутат Мұхтар Ерман Президенттің тапсырмасын орындау үшін Мәжіліс заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін нақты жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.
Отырысқа қатысушылар Үкімет басшылығына ұсынылған Әлихан Смайыловқа ешқандай сұрақтары жоқ екенін айтты.
Нығматулин Президент Мәжіліске Үкімет басшысы лауазымына лайық кандидатурасын енгізгенін айтты. Бүгінгі отырыста бір сұрақ қана талқыланады. Ол - Үкімет басшысын тағайындауды келісу.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс отырысын ашық деп жариялады.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарды тіркеуден өтуді сұрады.
Тоқаев Үкімет басшысы кандидатурасына Әлихан Смайыловты ұсынды.
Парламент Мәжілісінің отырысы басталды. Тікелей эфир «Хабар 24» телеарнасынан көрсетіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеп жатыр.
Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынатын болады.

11 қаңтар 2022 ж. 354 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 17

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 16

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 17

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031