Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңаөзендегі оқиға: газ бағасы төмендейді

Жаңаөзендегі оқиға: газ бағасы төмендейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет Жаңаөзендегі жағдайды реттеу бойынша шаралар қабылдайды, - деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, хабарламада баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатыны айтылған.

Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзған оқиғаны құқықтық жолмен бағалап, шаралар қабылдайды.
03 қаңтар 2022 ж. 451 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031