Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын құрсақты келін

Алтын құрсақты келін

Біз қазақ деген көшпелі өмір салтын ұстанған халықпыз ғой. Бір күні Қазыбек бидің атасы Шаншар би өз ауылымен басқа жаққа көшетін болыпты.
Таң қылаң бере көшкен ел кейде көз байлана, кейде ақшам ауғанда, судың ұшырасуына байланысты қонуға тоқтайды екен. Оты-суы келіскен жерге бірер күн еру қылса, тақырға тап болғанда көп бөгелмей, үдере көшеді.
Сондай салқар көштің үстінде ауыл адамдары ел иесі Шаншар ақсақалға келіп, баласы Келдібектің аяғы ауыр келіншегі Тоқмейіл кейіндеп қалғанын, еру қылған жерге әлі жетпей жатқанын хабарлайды.
Мұны естіген абыз қарт жігіттерге: «Келіннің аты болдырып қалған-ау шамасы, алдынан менің қара жорғамды жіберіңдер. Басқа жылқы оны көтере алмайды, өйткені келіннің ішінде алтын жатыр ғой», – депті.
Сөйтіп, ауыл адамдары Тоқмейілдің алдынан Шаншар абыздың қара жорғасын алып шығады. Еру қылған жерге ол да таяп қалған екен. Жорға барған соң: «Атасының атына келіні мінгені жарамас, обал болар. Мен ертоқымның үзеңгісінен ұстап-ақ барайын», – деп ауылға жаяулап жеткен екен. Келісімен толғатып, тал түсте босанады. Сонда туған нәресте Қазыбек би көрінеді.
Осы бір қып-қысқа оқиғада қандай терең мән жатыр десеңізші. Бұл жерде Шаншар абыздың көрегендігі мен келіні Тоқмейілдің тектілігін байқамау мүмкін емес.
Шаншар би келінінің әрбір әрекетіне, сөзіне, ісіне, оның арғы тек-тамырына қарап, дүниеге қандай бала әкелетінін бұрыннан-ақ біліп, күтіп жүрген ғой.
Ал келіні болса атасының мінген атына мінуді жөнсіз санап, сол жердің өзінде тектілігін білдіріп отыр. Алып анадан туады деген осы шығар.
Еліміз осындай алтын құрсақ аналардан кенде болмасын, ағайын!

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ
16 желтоқсан 2021 ж. 663 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 163

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 151

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 142

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 143

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930