Қазақстан су алу үшін Қырғызстанға электр қуатын бөледі
Қырғызстан жазда электр қуатына айырбас ретінде қазақстандық шаруалардың қажеттіліктері үшін Тоқтағұл су қоймасынан судың қосымша көлемін бөлді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
Ұлттық энергетикалық холдинг түсіндіргендей, жазда қырғыз тарапынан алынған су мөлшері қысқы мезгілде элеткр энергиясы түрінде қайтарылады. Қазақстанмен 900 млн кВт/сағ электр энергиясын жеткізу туралы келісімге қол қойылып, Қырғызстан оны 2023 жылға дейін жыл сайын маусымнан тамызға дейін 300 млн кВт/сағ қайтарады.
Холдингтің мәліметінше, 8 желтоқсандағы жағдай бойынша Қырғызстан Қазақстаннан 616,4 млн кВт/сағ электр энергиясын алған.
7 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин суару маусымында Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан Қазақстанға қосымша су көлемін бөлгенін айтты. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су тапшылығын сезініп отырған шаруалардың суармалы суға қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік берді.
2021 жылдың маусымында Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Бішкекпен қол қойған келісімді жариялады, оған сәйкес вегетациялық кезеңнің шарықтау шегінде (маусым-тамыз айларында) Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан қосымша 330 миллион текше метр су бөледі. Сонымен қатар осы көлемдегі суды Өзбекстан аумағы арқылы өткізу туралы келісімдерге де қол жеткізілгені атап өтілді.
Биыл Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің төмен болуына байланысты Қырғызстан соңғы жылдардағы ең үлкен энергетикалық дағдарысқа тап болды. 8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейі 10,8 млрд текше метрді құраған. Бұл соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш болып отыр.
Бұл жағдайдан шығу үшін Қырғызстан айырбас арқылы Қазақстан мен Өзбекстаннан электр энергиясын алды. Қырғызстан билігі қырғыз тарапы алдағы бірнеше жылда алған электр қуатын қайтаруға құқылы екенін жеткізді. Бішкек көрші елдермен электр қуатын алмасумен қатар оны Түркіменстаннан импорттаған.
Сондай-ақ Қазақстанда биылғы қыста да электр қуатының тапшылығы болжанған, бұл елдегі майнинг өнеркәсібі көлемінің артуына және электр станцияларындағы апаттардың көбеюіне байланысты. Күзгі мезгілде еліміздің бірқатар аймақтарында электр қуатының үзілуі байқалып үлгерді.