Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Pfizer” вакцинасы егілуде

“Pfizer” вакцинасы егілуде

Бүгінде мектеп оқушылары офлайн форматта оқуда. Ал ел профессорлары әлемді жайлаған індеттен сақтану үшін балаларды да арнайы вакциналау қажеттігін айтуда. Олар “Pfizer” вакцинасының қауіпсіздігіне күмәндануға негіз жоқ деуде. Бұлай С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова хабарлады. Оның айтуынша, халықты, соның ішінде, жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету қажет.

– SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты мүмкіндігінше қала тұрғындары, соның ішінде кәмелетке толмағандар егілуі керек, – дейді профессор.
Сала маманы балаларды, жүкті және емізулі әйелдерді вакцинациялауға қатысты деректер жеткілікті жинақталған деп санайтындығын жеткізді. Сондықтан “Pfizer” компаниясының “Комирнати” препаратының қауіпсіздігіне алаңдауға немесе күмәндануға негіз жоқ.
Сонымен қатар профессор қаланың “жасыл” аймаққа көшкеннен кейін де, әсіресе, тұмаумен сырқаттанушылықтың өсуі кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыру қажет екенін еске салды. Яғни коронавирустық пандемия басқарылатын кезде аяқталатынына сенімді. Бұл тек ұжымдық вакцинация және кейінгі ревакцинация кезінде мүмкін.
– Вакцинацияның бірінші курсынан 6 немесе 9 айдан кейін ревакцинациядан өту қажет. Антиденелер деңгейі біртіндеп төмендейді, ал үдеткіш вакцина ұзақ уақыт сақталатын жасушалық иммунитетті қосу арқылы олардың айқын қалыптасуына ықпал етеді, – деп кеңес берді.
Ол коронавирустық пандемия әлі де жалғасып жатқанын және инфекцияның жаңа толқындарының болуы мүмкін екенін еске салды. Сондықтан жаппай иммундану қажеттігін ескерді.
Жақында ғана бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездескен Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы “Pfizer” вакцинасын салдыратын азаматтардың тізімі кеңейтілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. “Қазір шешім әзірленіп жатыр. Басқа санаттағы азаматтар осы вакцинаны алуы немесе қайта салдыруы мүмкін”, – деді Асқар Мамин.
Сыр өңірінде “Pfizer” вакцинасын егу жуырда қолға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеген болатын. Алғашқы болып медициналық колледждің 70 студенті ата-аналарының келісімімен вакцина алды.
– Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған “Pfizer” вакцинасының ерекшелігі – құрамында вирус болмайды. Бүгінде барлық емханада дайындық жұмысы пысықталған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. “Pfizer”-дің 23400 дозасы жеткізілді. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті және босанғанына 42 күн болған әйелдерге салынады”, – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.
“Біздің ауданға да “Pfizer” вакцинасының 120 дозасы келген. Оның 42 данасын теміржол ауруханасы алып, алғашқы егу жұмысын бастады. Алғашқы 18 дозасы салынды. Өз еріктерімен келген 12-18 жас аралығындағылар мен 3 жүкті әйел вакциналанды. Олар ешкімнің мәжбүрлеуінсіз арнайы келісім шартпен екпе алды. Бұл вакцинаның ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ”, – дейді теміржол ауруханасының бас дәрігері Айгүл Күлмағамбетова.
Еске салайық, Қазақстанда «Pfizer» вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған болатын. Вакциналау жүргізер алдында коронавирусты инфекция жұқтырғанын және коронавирусқа қарсы аниденелер бар-жоғын анықтау жүргізілмейді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 қараша 2021 ж. 207 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 65

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 66

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 56

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031