Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыспен қамту жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жұмыспен қамту жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

1 қарашадағы жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы (ЖҚЖК) аясында орташа жалақысы 92 мың теңгеден асатын 8,3 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды egemen.kz

ЖҚЖК жобалары 4 негізгі бағытқа бөлінген:
  • Халықтың өмір сүру сапасын арттыру;
  • ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
  • Өңірлерде бизнесті дамыту.
Қазіргі уақытта ЖҚЖК аясында 228 инфрақұрылымдық жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, тағы 13-і іске асырудың бастапқы кезеңінде тұр. Жобалар бойынша өңірлер 349 мониторингтік тексеруді жүзеге асырды. Бұл ретте Қостанай облысында 2 жоба және Нұр-Сұлтан қаласында 1 жоба аяқталды, оларда 228 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Сонымен қатар, ЖҚЖК екінші бағыты аясында өз ісін ашу немесе дамыту үшін жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам 170 шағын несие берілді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ВАК-тың кезекті отырысында жалпы сомасы 100 млрд теңге болатын 40 инвестициялық жобаның тізбесі бекітілді.
Еске сала кетсек, ЖҚЖК аясында 2021 жылы барлық бағыттар бойынша шамамен 42,5 мың жұмыс орны құрылады, оның 28,8 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары болады. Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына (ХЖҚО) жүгіну жолымен ЖҚЖК шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, сондай-ақ жұмыстан босатылатын адамдар, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдар, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, студенттер ретінде тіркелгендер қатарынан қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеуді жүзеге асырады және инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші-мердігерге жібереді.
ХЖҚО арқылы инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу кезінде жұмыссыз жастарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттерге басымдық беріледі. ХЖҚО қажет болған жағдайда инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналасу кепілдігімен тиісті жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші-мердігердің/қосалқы мердігердің өтінімдері бойынша кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді.
ХЖҚО бағыттары бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақы мөлшері ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшері деңгейінде белгіленеді (83 мың теңге). Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып жүргізіледі.

17 қараша 2021 ж. 238 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031