Биыл Қазақстаннан қанша адам көшіп кетті?
2021 жылғы тоғыз айда Қазақстаннан 25,3 мың адам көшіп кеткен, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға тұрақты тұруға 7246 адам көшіп келсе, 25 322 азамат елімізден көшіп кеткен. Көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады. Көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттері ішінде болып жатыр.
"ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады", - делінген статистикалық мәліметте. Ал ел ішінде қоныс аударатындар саны былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2% артқан. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам).