Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аспиринді күн сайын ішуге болмайды

Аспиринді күн сайын ішуге болмайды

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман аспиринді күн сайын ішуге болмайтынын айтты.

Бұл жайында белгілі ғалым Алмаз Шарман өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Оған негіз болған – АҚШ-тың (US Preventive Services Task Force) профилактикалық медицина жедел тобының жүргізген зерттеуінің нәтижесі.
Олар төмен дозалы (81-100 мг) аспиринді күнделікті қабылдаудан бас тартуды ұсынған. Өйткені дәрі профилактика ретінде жүрек ауруы мен колоректалды рактың алдын алу мақсатында жиі қолданылады. Ал ол қан кету қаупін жоғарылатады.

«Міне, зерттеу тобы аспирин қабылдаудан қан кету қаупі жоғарылайды деген шешімге келді. Сондықтан аспирин қабылдар алдында дәрігермен ақылдасу керек. Себебі, дәрінің пайдасымен бірге, кей ағзаға кері әсері де болуы мүмкін. Мысалы, ацетилсалицил қышқылы (Aspirin) және clopidogrel (Plavix) сияқты антиагреганттық препараттарды қабылдаудан қан кету қаупі жоғары. Бұл азиялықтардың, атап айтқанда, корейлер мен жапондардың генетикалық ерекшеліктеріне байланысты», – деп жазды Алмаз Шарман.
20 қазан 2021 ж. 602 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930