Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметкердің зейнетақысыз қалмауына жұмыс беруші де жауапты болады

Қызметкердің зейнетақысыз қалмауына жұмыс беруші де жауапты болады

Бұған дейін еңбекке жарамды адамның қартайған шағында зейнетақысыз қалмауына мемлекет пен азаматтың тікелей жауапты болса, 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер де бұл жауапкершілікті бөліседі», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына осы мағынада өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол өзгерістер мен түзетулерді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеуі тиіс. Ведомствоның Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің сарапшысы Айгүл Сакеева БАҚ өкілдеріне әзірленіп жатқан жаңашылдықтарың түпкі мәні мен мақсатын түсіндірді. Айгүл Сакееваның айтуына қарағанда, тұжырымдамаға енгізілетін жаңашылдықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп жатыр. Ең бірінші өзгеріс жұмыс берушінің жауапкершілігіне қатысты. 2023 жылдан бастап жұмыс беруші өз қаражаты есебінен әр қызметкердің зейнетақы шотына 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасын төлей бастайды. Мұны жұмыстағы адамның айлығынан ұсталатын зейнетақы аударымымен шатастырмау үшін міндетті 5 пайыздық аударым деп атауға болады. Яғни, оның қазір қолданыстағы міндетті 10 пайыздық зейнетақы жарналарына ешқандай қатысы жоқ. «Өйткені енгізілетін 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Ал қазіргі 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің табысынан алынады. Осылайша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын 15 пайыздық аударылым жүргізіледі. Оның 5 пайызы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізілсе, 10 пайызы қызметкердің табысынан жүргізіледі», - дейді сарапшы. Тұжырымдамаға өзгеріс енгізуі тиіс маңызды шаралардың бірі – кепілдендірілген зейнетақыға көшу жоспары. «2028 жылдан бастап базалық зейнетақының орнына ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыға ауысамыз. Мұндай шара, жалпы алғанда, зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттырып қана қоймайды. Сонымен қатар, халықаралық және отандық сарапшылардың ұсыныстарына сәйкес келетін бірыңғай тәсілдеме бойынша есептелген зейнетақыға көшу болып табылады», - дейді министрлік маманы. Қарапайым тілмен айтсақ, зейнетақы жасына толған адамға базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесіне өзгерістер енгізілмекші. Мысалы, қазір ең төменгі базалық зейнетақының көлемі ең төменгі күн көріс деңгейінің 54 пайызына тең болса, өзгерістерден кейін ең төменгі күнкөрістің 70 пайызына дейін өседі. Яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең базалық зейнатақының орнына ең төменгі күн көріс деңгейінің 70 пайызына тең кепіл берілген зейнетақы төленеді. Өсім 16 пайыз деген сөз. «Сонымен қатар, әдістемеге жасалып жатқан тағы бір өзгерістердің бірі – зейнетақыға қатысу өтілінің төмендетілуі», - дейді министрліктің сарапшысы. Басқаша айтсақ, мемлекет кепіл беретін зейнетақы қазақстандықтарға бұрынғыдан әлдеқайда қолжетімді бола түспек. Бұрын базалық зейнетақыға қол жеткізу үшін кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар екенін дәлелдеу керек болатын. Оның орнына енгізілетін кепілдендірілген зейнетақыға ие болу үшін еңбек өтіліңіз 5 жылдан кем болмаса, жетіп жатыр. «Қазір ең төменгі базалық зейнетақы еңбек өтілі 10 жыл немесе одан төмен болмаған жағдайда тағайындалса, ұсынылып отырған өзгерістерден кейін ол 5 жыл және одан төмен болмаған жағдайда тағайындалады», - дейді ведомство сарапшысы. Әдістемеге енгізіліп жатқан өзгерстердің бірі жоғарғы шектеумен байланысты. Мұны министрлік өкілі мынадай мысалмен түсіндірді. «Қазіргі тәртіп бойынша еңбек өтілі 33 жылдан асқан адамдардың бәрі базалық зейнетақы ретінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алады. Одан жоғары мөлшер жоқ. Бұл шектеуді өзгерістерден кейін алып тастау көзделеді. Мысалы, азаматта 45 жыл еңбек өтілі болса, ұсынылатын өзгерістерден кейін ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 150 пайызын, яғни, 1,5 есе көбірек зейнетақы алатын болады», - дейді Айгүл Сакеева.
06 қазан 2021 ж. 220 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 103

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 71

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031