Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 126 сынып карантинге жабылды

Қызылорда облысында 126 сынып карантинге жабылды

Коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі - Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылары. Қызылорда облысында 126 сынып карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа оқу жылының басынан оқуды дәстүрлі форматта бастаған 126 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Індет жұқтырғандардың басым бөлігі - Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылары. Салдарынан 126 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұғалімдердің арасында да короновирус жұқтырғандар бар.
"Дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі есепке алынды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Облыста карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Жыл басынан бері мониторингтік топ 14 386 нысанды тексерді. Нәтижесінде 788 карантин талаптарын бұзу дерегі анықталып, 51 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Дегенмен карантин талаптарын бұзу азаймай отыр. Жыл басынан бері тұрғындардың 500-ден астам той өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар "Ashyq" жүйесі арқылы үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азамат анықталған.
29 қыркүйек 2021 ж. 399 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031