Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Армандары үнемі орындалатын жұлдыз белгілері анықталды

Армандары үнемі орындалатын жұлдыз белгілері анықталды

Астрологтар ең "армандары орындалғыш" жұлдыз белгілерінің тізімін анықтады, дейді zakon.kz. Нумерологтардың айтуынша, кей адамдар туғаннан бастап сәттілікті серік етеді. Олардың армандарының орындалу себебі – көтеріңкі көңіл-күйде жүруі және айналасындағылардың оған сенім білдіретінінде, деп жазады "Лиза" басылымы.

Арыстан
Жұлдызнамадағы басқа жұлдыздарға қарағанда арыстандар әрбір сәтке қуанып, өмірден ләззат алады. Тіпті ең тұнжыраған күннің қабағынан бір жақсылықты таба біледі. Сондықтан оны айналасындағылар жақсы көреді, содан жолы болғыш келеді.

Тауешкі
Тауешкілер ой құдіретін жақсы біледі, содан болар, армандарының орындалуы үшін қара қолдың күшін ғана емес, ойлау қабілеттерін де салады. Бұл жұлдыз белгісі егжей-тегжейлі жоспар құрып, ол орындамайынша ешқашан берілмейді.

Егіздер
Кейбіреулер егіздерді құдды бір "бақытты жұлдызда туған" деп атайды. Өйткені олар бір нәрсені ойласа, онысы міндетті түрде орындалады. Мұндай сәттіліктің себебін айту қиын. Бәлкім, бұл олардың айналасына төгіп жүретін сарқылмайтын позитивінде болар.

Торпақ
Торпақтар құр киялдап жүргенді ұнатпайды. Олар алдына айқын мақсат қойып, сауатты жоспар арқылы діттегеніне жетеді. Бұл жұлдыз белгісінің өкілі кез-келген істе материалдық іргетас маңызды екенін біледі. Сондықтан жарқын болашағы мен армандарының орындалуы үшін барын салуға дайын.
28 қыркүйек 2021 ж. 235 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031