Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізімі кеңейтілді

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізімі кеңейтілді

Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да арнаулы әлеуметтік қызметтер енді үйде көрсетілетін болады, деп хбарлайды kaz.zakon.kz
Тиісті өзгерістер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығындағы ережелерде қарастырылған.
Жоғарыда аталған норманы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ және ЖАО өкілдері ұсынды.
Сондай-ақ, барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау камераларын міндетті түрде орнатуды қарастыратын өзгерістер енгізілді.
Камералар ұйымға іргелес жатқан аумақтың алаңы бойынша, негізгі және қосалқы кіреберістердің жанында, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ пайдаланылатын кабинеттерде орнатылады. МӘМ-дегі туыстары мен жақын адамдарының жазбаларды көруге рұқсаты болады. Бұдан басқа, құжат қажет болған жағдайда медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын барлық адамдардың интернетке қол жеткізуін қамтамасыз етуді реттейді. Айта кету керек, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде 23 мыңнан астам адамды қамтитын стационарлық үлгідегі 113 МӘМ жұмыс істейді, делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда қар, күл шығару, көмірді қазандықтарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды орындау мақсатында "трактор" позициясын қоса отырып, стационарлық үлгідегі МӘМ автокөлік құралдарының лимитін кеңейту көзделеді. Бұл көлік құралының болуы ауылдық елді мекендерде орналасқан МӘМ үшін қажет.
Жоғарыда аталған салалық бұйрық жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктерден арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша 150-ге жуық ұсыныс жиналып, талданғаннан кейін әзірленгенін айта кетейік.
24 қыркүйек 2021 ж. 293 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930