Жануарларға да коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады
АҚШ-тың хайуанаттар бағында жануарларға коронавирусқа қарсы екпе салу басталды, деп хабарлайды Express Qazaqstan."ТАСС" ақпарат агенттігінің жазуынша, Франклин мен Стоун қалаларындағы хайуанаттар бағында жануарларды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды.
Франклин мен Стоун хайуанаттар бағындағы жануарларда Covid-19 әзірге тіркелген жоқ. Бұл вирусты жұқтырудан қорғау және алдын алу үшін жасалынып жатқан әрекет,— деді хайуанаттар бағының аға ветеринары Крис Бонар.
Бірінші кезекте вакцина коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары жануарларға егіледі. Вакцина егу үшін препаратты Zoetis ветеринарлық фармацевтикалық компаниясы ұсынған.
Жануарларды толық егуге үш-төрт ай уақыт қажет.
Zoetis ветеринарлық фармацевтикалық компаниясы 70-ке жуық хайуанаттар бағындағы жануарларға көмекетсу мақсатында коронавирусқа қарсы вакцинаның 11 мыңнан аса дозасын бөлген.