Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Санақтан онлайн өткендер саны 5 миллионнан асты

Санақтан онлайн өткендер саны 5 миллионнан асты

Санақтан онлайн өткендер қатары 5 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 26,3%-ті құрады. Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 5003105 респондент онлайн санақтан өтті.
Олардың 4323686-сы sanaq.gov.kz сайтында, 484878 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 194541 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты. «Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 603743 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 527233 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 437656 адам санақ сауалдарына жауап берді», – делінген бюро таратқан ақпаратта. Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 136773 және 133377 адам санақтан өтіпті. Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 43% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 35,9% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген). sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
22 қыркүйек 2021 ж. 102 0

Бүгінгi жаңалықтар

Ұрпаққа аманат

01 желтоқсан 2021 ж. 83

Азаттық аспаны

01 желтоқсан 2021 ж. 105

Көк мешіттің керегесі кеңеюде

01 желтоқсан 2021 ж. 142

Құт қонған қазақы үй

01 желтоқсан 2021 ж. 32

Су басу қаупі жоқ

01 желтоқсан 2021 ж. 51

Қалада қарқынды қадам бар

01 желтоқсан 2021 ж. 53

Атажұртқа ағылған жұрт

01 желтоқсан 2021 ж. 52

Руханият

Құт қонған қазақы үй

Құт қонған қазақы үй

01 желтоқсан 2021 ж.
Білім жиған бойына

Білім жиған бойына

20 қараша 2021 ж.
Айт ата ардақталды

Айт ата ардақталды

20 қараша 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды